Аймақтар • 20 Қараша, 2022

Сайлау күні Түркістан облысында 90 нәресте дүние есігін ашты

277 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сайлау күні Түркістан облысы бойынша 90 нәресте дүние есігін ашты. Облыстық қоғамдық денсаулық басқармасының хабарлауынша, 46 ер бала, 44 қыз, оның ішінде 2 егіз дүниеге келді. Егіздердің бірі –­­ Қазығұрт ауданында, екіншісі Түлкібас ауданында туған. Дәрігерлердің хабарлауынша, аналар мен сәбилердің денсаулығы жақсы, деп жазады Egemen.kz.

Сайлау күні Түркістан облысында 90 нәресте дүние есігін ашты

Түркістан өңірі тұрғындарының саяси науқанға деген белсенділігі жоғары. Облыс бойынша 919 сайлау учаскесі бар. Оның 50-і  облыс орталығында  орналасқан. Сайлау учаскелерінің 893-і азаматтардың тұрғылықты жері бойынша және 26-ы уақытша болу орындарындағы сайлау учаскелері. Таңсәріден келіп таңдау жасағандардың арасында жастар да қариялар да аз емес.

Мысалы, Сайрам ауданында ең белсенді дауыс берушілердің бірі 100 жастағы Садық Қуатбеков ақсақал N560 сайлау учаскесіне немерелерін ерте келіпті. Облыста 1 163 860 сайлаушы дауыс береді деп жоспарланған. Олардың басым бөлігі түске дейін өз таңдауын жасап үлгерді. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, елорданың комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес, 20 қараша сағат 14.05-тегі жағдай бойынша тізімге енгізілген азаматтардың Түркістан облысы бойынша – 76,61 % -ы бюллетень алған.