Сайлау • 20 Қараша, 2022

Аида Балаева Президент сайлауында өз таңдауын жасады

300 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары Аида Балаева Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауында дауыс берді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аида Балаева Президент сайлауында өз таңдауын жасады

Аида Балаева Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының ғимаратында орналасқан №111 сайлау учаскесінде дауыс берді.

б

«Бүгінгі таңда азаматтар белсенділік танытып, өз дауыстарын беруде. Біздің болашағымыз Мемлекет басшысының жүргізіп отырған саясатына тікелей байланысты, сондықтан еліміздің болашағына бей-жай қарамайтын азаматтар бүгіннен бастап өз таңдауын жасайды. Мен де солардың бірімін және өз таңдауымды жасадым», деді Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары.

Аида Балаева ең бастысы елдегі тыныштық пен оның тұрақты дамуы екенін атап өтті.

«Сайлауда жеңіске жеткен кандидаттың, яғни Президенттің реформалары сәтті жүзеге асырылып, халықтың үміті ақталғанын қалаймын. Оң өзгерістер Мемлекет басшысына, барша қазақстандықтарға байланысты. Әрбір азамат өз үлесін қоса алады», деп қосты ол.