Қоғам • 20 Қараша, 2022

Ақтауда Қасым мен Жомарттың ата-анасы дауыс берді

288 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жуырда ғана әлеуметтік желінің жұлдызына айналған ақтаулық егіздер Қасым мен Жомарттың ата-анасы да өз таңдауларын жасады. Олар Ақтаудағы №8 мектепте орналасқан сайлау учаскесінде дауыс берді, деп жазады Egemen.kz.

Ақтауда Қасым мен Жомарттың ата-анасы дауыс берді

Егіздердің әкесі Ерлан Мәуленов елде болып жатқан саяси науқанға үн қатуды азаматтық парыз деп санайды.

- Мен Қазақстан Республикасының азаматы ретінде осындай тарихи кезеңде шет қалмауға шешім қабылдадым. Бүгін, міне жұбайыммен бірге Ақтаудағы №8 учаскеге келіп, өз таңдауымызды жасадық. Бүгінгі күн – болашақты айқындар тарихи кезең. Біз осындай саяси науқандарға қатысу арқылы еліміздің бүгіні мен ертеңі біздің қолымызда екенін, болашақ ұрпақ үшін жауапкершілік алатынымызды көрсетеміз. Балаларымыз - Қасым мен Жомартты ерте келдік. Себебі, артымыздан ерген ұрпағымызға осындай тарихи сәттерге жауапкершілікпен қарауға үйретуіміз керек. Отандастарымызға елдің тыныштығы, әр отбасының амандығын тілеймін, - дейді Ерлан Мәуленов.

Айта кетейік, Қасым мен Жомарт Мәуленовтер 2009 жылы дүниеге келген. Егіздерге бұл есімді әжесі қойған. Олар үйдің үлкені. Ақтаудағы №11 лицейдің 8 сыныбында оқиды. Егіздер бірнеше тілде еркін сөйлейді. Болашақта дипломат болуды армандайды.