Футбол • 20 Қараша, 2022

Қатарда футболдан әлем чемпионаты басталды

684 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қатарда футболдан 2022 жылғы әлем чемпионаты басталды. Бүгін Қатар мен Эквадор құрамалары («А» тобы) кездесетін «Әл-Байт» стадионында жанкүйерлерге арналған отшашу ұйымдастырылды, деп хабарлайды Egemen.kz euronews.com сайтына сілтеме жасап.

Қатарда футболдан әлем чемпионаты басталды

Барлық жанкүйерлер толық жиналмаса да, стадионда алғашқы қиындықтар туындады. FIFA турниріндегі қауіпсіздік шарасына байланысты, сенбі күні мыңдаған жанкүйерге әлем чемпионатының концертіне қатысуға тыйым салынды.

Айта кетейік, 18 желтоқсанға дейін жалғасатын 22-ші әлем чемпионатына 32 команда қатысады.

Қазақстандық футбол жанкүйерлері чемпионат матчтарын Qazaqstan және Qazsport телеарналарынан тікелей эфирде тамашалай алады. Сонымен қатар, qazaqstan.tv және qazsporttv.kz сайттарында, Qazaqstan.tv мобильді қосымшасы арқылы тікелей онлайн трансляцияға қосыла алады.