Аймақтар • 21 Қараша, 2022

«Жедел жәрдем» қызметіне – жаңа көліктер

445 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қызылордада медицина қызметкерлеріне 20 жедел жәрдем көлігінің кілті табысталды. Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев қатысқан салтанатты іс-шарада берілген көліктердің басым бөлігі ауыл тұрғындарына қызмет етеді. Өңір басшысы дәрігерлерді құттықтап, саланы дамытуға жан-жақты қолдау көрсетілетінін жеткізді.

«Жедел жәрдем» қызметіне – жаңа көліктер

– Ауырған жанға алғаш­қы болып жететін жедел жәрдем қызметінде еңбек ететін мамандардың еңбегі ерекше құрметке ие. Деген­мен соңғы жылдары арнайы ав­то­көліктердің дені ескіріп, талап үдесіне сай келмей жатқаны байқалады. Ауылдарды аралап, халықпен кездесулерде осы мәселе жиі көтеріліп оты­рады. Осыған байланысты тұрғындардың талап-тіле­гін ескере отырып, заманауи үлгідегі 20 жедел жәр­дем реанимобилі берілді. Жер­гі­лікті бюджеттен 1 қызметтік авто­бус пен арнайы техника да бөлініп отыр, – деді Н.Нәлі­баев.

Салтанатты іс-шарада қоғам қайраткері Тұрғанбай Маха­нов әріптестерін құттық­тап, көрсетіліп жатқан қолдауға ризашылық танытты. Жаңа көлікті болған дәрігерлер де алғысын жеткізді.

Биыл салада жұрт қуантар жаңалық көп. Қазалы ауда­ны­ның орталығы Әйтеке би кентінде халыққа бастапқы меди­циналық-санитарлық кө­мек көрсететін аудандық ем­ха­на ғимараты, осы аудан­дағы Жұбан және Арал ауда­нындағы Тастүбек елді мекен­дерінде медициналық бекет­тер пайдалануға берілді. Жаз соңында облыс орта­лығындағы сол жағалаудан құны 2,7 млрд теңге бола­тын қан орталығының ірге­тасы қаланды. Келер жылы респуб­ликалық бюджеттен 750 млн теңге бөлініп, Қызылорда қаласында көпсалалы аурухана мен емхана құрылысы басталады.

Алдағы 2 жылда «Ауылдық денсаулық сақтауды жаң­ғыр­ту» қанатқақты жобасы аясында құны 9,7 млрд теңгеге 27 жаңа нысан салынады. Оның басым бөлігі дәрігерлік амбулатория болмақ.

 

Қызылорда облысы