Пікір • 21 Қараша, 2022

Өзгеріс ойдан басталады

325 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан халқы Ассамблеясының, нақтырақ айтқанда корей диас­пора­сының мүшесі ретінде ең әуелі мемлекет құраушы қазақ халқының түрлі жыл­дары көптеген ұлт өкіліне көрсеткен қамқорлығы мен кеңпейілдігін, өнегесін, өзге­лер­дің басына түскен ауыртпалықты бөлісе көтергенін айрықша атап өткім келеді.

Өзгеріс ойдан басталады

Біздің ұрпағымыз да қазақ халқының жылы­­лығын сезініп өсіп келеді. Өткен уақыт кезе­ңінде бар­лығымыз біртұтас ха­лық­қа айналдық. Қазіргі күні әрқайсы­мыздың дауыс беруге және дауыс­қа тү­суге конс­титуция­лық құқығымыз бар. Өз пре­­­зи­­­дентімізді сайлауға, заң­­дылық пен тәр­тіпке ке­піл беретін дербес мемле­кетіміз бар.

Бұл сайлау – жауап­­кершілігі мол мис­­­сия. Өзіміздің елдегі саяси жағ­дай­ға қа­­тыс­­­­ты­лығы­мыз­ды терең сезіне отырып, ел­дің дамуы мен тұтас қоғамның өркен­­деуі­н­е серпін береді деген үміткерді таңда­дым. Адамдар сая­си және азаматтық көз­­қа­­ра­сын көбірек біл­дірген сайын, сайлау да объек­­тивті бола түсетініне көзіміз жетіп отыр.

Маңызды бір мәселені ескеруіміз керек. Билік жеке-дара Әділетті Қазақстанды құра алмайды. Мұны елі­міз­дің әрбір азаматы жа­сауға тиіс. Дәл бүгін мем­ле­кеті­міз­­дің келешегі, бала­лары­мыз бен не­мере-шө­б­е­ре­­леріміздің ер­теңі қолы­мыз­да екенін ай­рықша түсініп отырмын. Сай­лау про­цесі өздігінен жү­зеге асып кете­тін науқан емес. Барлығы­мыз еліміздің тағдырына, бо­ла­­ша­ғына жауаптымыз.

 

Светлана ШИН,

Павлодар облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі,

Павлодар ауданындағы корей этномәдени бірлестігінің төрағасы