Ал осы науқанда елдің бүгінгі және ертеңгі дамуы мен жан-жақты өркендеуіне аса жауапкершілікпен қызмет ететін кандидатқа дауыс беруді ұйғардық. Біздің қоғам – әділетті, қуатты және мызғымас бірлігі мен ынтымағы зор қоғам. Жаңа, Әділетті Қазақстанның болашағы жарқын, шуақты ел болуы үшін қария болсам да, сайлауға келіп, дауыс бердім.
Илья ЖАҚАНОВ,
композитор, Қазақстанның Еңбек Ері