Пікір • 21 Қараша, 2022

Құқықтық мемлекетке тән үрдіс

301 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сайлау өткізудің барлық ережесін сақтау қоғамдық бақылауды талап етеді. Бұл тұрғыда байқаушылардың жұмысын атап өту маңызды. Барлық өркениетті құқықтық мемлекеттердегідей сайлау учаскелерінде байқаушылар, оның ішінде халықаралық ұйымдардың байқаушылары қатысты.

Құқықтық мемлекетке тән үрдіс

Орталық сайлау комис­сиясының мәліметіне сүйенсек, сайлауды 600-ден астам халық­аралық байқаушы бақы­лады. Оның ішінде 532 байқаушы 10 халықаралық ұйымнан және 109 байқаушы 35 шет мемлекеттен келген.

Барлық қадағалаушы-ұйым­дар­дың аккредитациясы бар екенін атап өту қажет. Ол аталған қоғамдық ұйымдар өз байқаушыларына (қандай құқықтары мен міндеттері бар, не істеуге болады/ не істеуге болмайды, бұзушылықтар анықталған жағдайда сол актілер қалай толтырылатыны туралы) тиісті оқыту жүргізгенін білдіреді.

Өз байқауларының қоры­тын­дысы бойынша олар сай­лау өткізудің легитимділігін жариялайды деп ойлаймын.

 

Айдар ҚҰРМАШЕВ,

Президент жанындағы ҚСЗИ Халықаралық зерттеулер бөлімінің басшысы