Президент • 21 Қараша, 2022

Эмомали Рахмон Қасым-Жомарт Тоқаевты жеңісімен құттықтады

194 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстан Республикасының Президенті Эмомали Рахмонмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

Эмомали Рахмон Қасым-Жомарт Тоқаевты жеңісімен құттықтады

Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон Қасым-Жомарт Тоқаевты Қазақстан Республикасының кезектен тыс Президент сайлауындағы жеңісімен құттықтады.

Қос басшы келесі жылдың басында екі елдің арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнағанына 30 жыл толатынын атап өтті.

Әңгіме барысында тараптар Қазақстан мен Тәжікстан халықтарының игілігі жолында ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға дайын екенін жеткізді.

Сонымен қатар президенттер халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.