Теннис • 21 Қараша, 2022

Қазақстандық теннисшілер АТР рейтингінен көрінді

156 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кәсіби теннисшілер қауымдастығы спортшылардың жаңартылған рейтингісін ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz Sports.kz-ке сілтеме жасап.

Қазақстандық теннисшілер АТР рейтингінен көрінді

Рейтингте испандық Карлос Алькарас көш бастап тұр. Екінші орынға оның жерлесі Рафаэль Надаль жайғасса, үшінші орынды Норвегия өкілі Каспер Рууд еншіледі.

Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик 37-ші орында қалды. Тимофей Скатов төрт сатыға төмендеп, 146-шы атанды.

Жұптық рейтингте бірінші орынды Нидерланды өкілі Уэсли Колхоф пен Британдық теннисші Нил Скупски иеленді.

Қазақстандық Андрей Голубев бір позицияға көтеріліп, 47-ші белгіде орналасты. Ал Александр Недовесов 53-ші орында тұрақтады.