Оның ТжКБ саласында 20 жылдан астам тәжірибесі бар.
Ернат Жүнісов 1975 жылы туған. Мамандығы – «Еңбек, информатика және компьютерлік технологиялар мұғалімі».
Еңбек жолын 1996 жылы Сәтпаев қаласындағы Абай атындағы №4 мектеп-лицейінде еңбекке баулу пәнінің мұғалімі болып бастаған.
1999-2006 жылдары - оқу ісінің меңгерушісі, колледж директорының орынбасары және №19 кәсіптік лицей директорының орынбасары болды.
2006-2009 жылдары - Білім және ғылым министрлігі Техникалық және кәсіптік білім департаментінің сарапшысы, бас сарапшысы қызметін атқарды.
2009-2015 жылдары ТжКБ департаменті бөлімінің басшысы.
2015 жылдан бастап министрліктің Техникалық және кәсіптік білім департаменті директорының орынбасары қызметін атқарды.