Әлем • 22 Қараша, 2022

Қытайда зауыттан өрт шықты

176 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Хэнань провинциясының (Орталық Қытай) Аньян қаласындағы зауыттан өрт шығып, 36 адам қаза тапты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қытайда зауыттан өрт шықты

Аньян қаласында кәсіпорындағы өрт 21 қарашада жергілікті уақыт бойынша сағат 16:22-де басталған. Өрт сөндірушілер өртті тек 3,5 сағаттан кейін ауыздықтаған. Сағат 23:00-де өрт толығымен сөндірілді.

Алдын ала мәлімет бойынша, өрт салдарынан 36 адам қаза тауып, екеуі із-түзсіз жоғалып кеткен, тағы екі адам жеңіл жарақат алған.

Оқиғаның себебін анықтау үшін өрт орнында тергеу жүріп жатыр.