Экология • 22 Қараша, 2022

Вегетациялық кезең тұрақты өтті - Экология министрі

725 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев 2022 жылғы вегетациялық кезеңнің қорытындысын шығарды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Вегетациялық кезең тұрақты өтті - Экология министрі

«Негізгі өзен бассейндерінде, әсіресе елдің оңтүстік аймақтарында су тапшылығы циклінің жалғасуына қарамастан, вегетациялық кезең тұрақты өтті. Алдын ала мәліметтер бойынша, барлық су қабылдағыштан тұрақты суару үшін шамамен 11,6 текше шақырым су қажет. Оның 97%-ы немесе 11,3 кубокилометрі Алматы, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда және Жетісу облыстарына тиісілі», деді Серікқали Брекешев Үкімет отырысында.

Ауыл шаруашылығы министрлігіне қарасты Жер ресурстарын басқару комитеті ұсынған деректерге қарағанда Қазақстанда 2,2 млн га суармалы жер бар.

«Осы өңірлерде вегетациялық кезеңнің тұрақты өтуін қамтамасыз ету үшін 2021 жылғы қарашадан бастап дайындық жұмыстары басталды, арнайы жұмыс жоспары бекітілді», деп хабарлад министр.