Мемлекет басшысының бастамасымен және тікелей қолдауымен «Жас ұлан» мектебіне Сағадат Нұрмағамбетовтің аты берілгендігін атап өткен ведомство басшысы: «Бұл оқиға республика Тұңғыш Қорғаныс министрінің Қазақстан армиясын құруға сіңірген еңбегін тану болып табылады», – деді.
«Даңқты генералдың өмір жолы – әскери қызметшілердің көптеген буындары үшін ерлік пен Отанға шынайы берілгендіктің үлгісі. Ал оның есімі тәуелсіз Қазақстанның тарихында және ел есінде мәңгілік қалады», – деді С.Ахметов.
Салтанатты іс-шараға Ұлы Отан соғысының ардагерлері, Парламент депутаттары, орталық мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.
«Егемен-ақпарт».
АСТАНА.