Тағайындау • 22 Қараша, 2022

Алматы облысы ішкі саясат басқармасының басшысы тағайындалды

533 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы облысы әкімінің өкімімен Бота Серікқызы Елеусізова Ішкі саясат басқармасының басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алматы облысы ішкі саясат басқармасының басшысы тағайындалды

Бота Серікқызы Елеусізова 1975 жылы дүниеге келген. 1998 жылы Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін, 2004 жылы Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтын бітірген. Еңбек жолын 1992 жылы Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Түрген ауылындағы «Надежда» агроөнеркәсіптік фирмасында бастады.

Мемлекеттік қызметті 2002 жылы Еңбекшіқазақ ауданы Түрген ауылдық округі әкімі аппаратының маманы болып атқара бастады. Әр жылдары бір ауданда әкімнің орынбасары, одан кейін әкім қызметтерін атқарды. 2019 жылдан бастап Кеген ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарып келеді.

Биылғы жылдың қазан айынан бастап облыстық ішкі саясат басқармасы басшысының міндетін атқарды.