Қоғам • 22 Қараша, 2022

Серік Жұманғарин азық-түліктің қымбаттау себебін түсіндірді

307 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин Қазақстанда азық-түлік бағасы қандай себептерге байланысты өскенін түсіндірді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Серік Жұманғарин азық-түліктің қымбаттау себебін түсіндірді

«Біз азық-түлік бағасын қажет уақытқа дейін, яғни  көктемнің басы мен ортасына дейін сақтай алмаймыз. Елде қоймалар өте аз», деді Серік Жұманғарин.

Министрдің айтуынша, Солтүстік Қазақстан облысы өндіріс бойынша жақсы көрсеткіштерге ие. Бір жарым жыл ішінде өңірде сүт, сүт өнімдері мен тауық етінің өндірісі артты.

«Жақсы көрсеткіштерге жету үшін көп қаржы кеткен жоқ. Бүгін біз осы тәжірибені талдап, биыл қайталағымыз келеді. Әр өңірге 20-25 млрд теңге бөлінеді», деді ведомство басшысы.

Бұл ретте Серік Жұманғарин ертең Түркістанға баратынын айтты. Спикердің айтуынша, Түркістандағы климаттық жағдай Өзбекстанмен бірдей. Алайда аймақта тек 2-3 қойма ғана бар.