Нариман Төреғалиев еліміздегі балалардың құқықтарын қорғау мәселелеріне ең жоғары деңгейде ерекше көңіл бөлінетініне жиналғандардың назарын аударды.
«Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: Іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауында балалардың қауіпсіздігі мен құқықтарын қорғау мәселелеріне ерекше назар аударуды тапсырды. Осыған байланысты балаларды қорғау үшін денсаулық сақтау, білім беру және әлеуметтік қолдау салаларында нақты шаралар қабылдау маңызды деп санаймыз», деді сенатор.
Кездесуге қатысушылар осы саладағы проблемаларды да мұқият талдап, оларды жан-жақты шешу қажеттігін талқылады.
«Балалар мен жасөспірімдердің өз-өзіне қол салу жағдайлары Алматы, Жамбыл, Қостанай және Маңғыстау облыстарында көбейіп барады. Балаларды зорлық-зомбылықтан қорғаудың, суицидтің алдын алудың және әр баланың құқықтарын қорғауды қамтамасыз етудің кешенді жоспарының қажеттілігін талқылауды маңызды деп санаймыз. Тағы бір проблема – балалардың жеке балабақшадағы жағдайы. Жеке балабақшаларда қызмет көрсету сапасын арттыратын кез келді», деді Нариман Төреғалиев.
Комитеттің кеңейтілген отырысына Парламент Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары, мемлекеттік органдардың және БҰҰ, ЮНИСЕФ, ЮНЕСКО халықаралық ұйымдарының өкілдері қатысты. Сондай-ақ Қазақстан Республикасының Бала құқықтары жөніндегі уәкілі Аружан Саин баяндама жасады.
Сенаторлар отырысқа қатысушылар көтерген мәселелер мен шығарылған қорытындыны тиісті заң жобаларын қарау кезінде және комитет жұмысы барысында пайдаланады.
Сенат комитетінің кеңейтілген отырысы Бала құқықтары туралы конвенцияның қабылданған күніне орай өткен болатын.