Тағайындау • 22 Қараша, 2022

Ақтөбе облысы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

431 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжанов облыс активіне Президент Әкімшілігімен келісіліп тағайындалған өзінің жаңа орынбасарын Гүлқасима Сүйінтаеваны таныстырды, деп хабарлайды Egemen.kz әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ақтөбе облысы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

Өңір басшысы жаңа орынбасарының экономика, қаржы саласында мол қызметтік тәжірибесі бар екенін айтып, оның облыстың әлеуметттік-экономикалық дамуына лайықты үлес қосатынына сенім білдіріп, жаңа жұмысына сәттілік тіледі.

Г.Сүйінтаева бұған дейін Ақтөбе облысының  экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы қызметін атқарған болатын.

Гүлқасима Рамазанқызы Сүйінтаева 1964 жылы Ақтөбе облысында дүниеге келген. Білімі жоғары: 1988 жылы Алматы халық шаруашылығы институтын «Экономист», 2015 жылы  Алматы менеджмент университетін «Іскерлік әкімшілік магистрі» мамандықтары бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1983 жылы Ақтөбе қалалық денсаулық сақтау бөлімінің №1 орталықтандырылған есеп бөлімінің есепшісі болып бастаған.

1992-2001 жылдары Ақтөбе қалалық қаржы бөлімінің бас маманы, Ақтөбе қалалық денсаулық сақтау бөлімінің,  Ақтөбе облыстық міндетті сақтандыру қорының,  Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасының бас есепшісі, Ақтөбе облысының медициналық көмек көрсету орталығының директоры болып істеген.

2001-2005 жылдары Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау істері жөніндегі агенттігінің бас есепшісі - есеп-қисап бөлімінің бастығы, бухгалтерлік есеп, мемлекеттік сатып алу және инвестициялық бағдарламаларды талдау басқармасының бастығы - бас есепшісі, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің экономика және қаржы департаментінің есеп-қисап және қаржыландыру басқармасының бастығы қызметтерін атқарған.

2005-2007 жылдары Ақтөбе облысының қаржылық бақылау және мемлекеттік сатып алу басқармасы басшысының орынбасары болып қызмет еткен.

    

2007-2017 жылдары Ұлттық ғылыми медициналық орталығының қаржы – экономикалық талдау және бухгалтерлік есеп бөлімінің бастығы - бас есепшісі, ұйымдастыру-экономикалық жұмыстар бойынша директордың орынбасары, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің экономика және қаржы департаментінің директоры, Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медицина техникасын сараптау ұлттық орталығының ұйымдастыру – экономикалық мәселелері бойынша бас директорының орынбасары, «СК-Фармация» ЖШС қаржылық талдау бөлімінің бастығы, экономика және қаржы департаментінің директоры қызметтерін атқарған.

2017-2018 жылдары Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің ұйымдастыру - бақылау және кадр жұмыстары бөлімінің меңгерушісі, Ақтөбе облысының қаржы басқармасының басшысы болып қызмет еткен.

2018 жылдың тамыз айынан бастап осы уақытқа дейін Ақтөбе облысының  экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы болып қызмет атқарды.