Аймақтар • 22 Қараша, 2022

Абай облысында 9 балабақша салынады

344 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2026 жылға дейін Абай облысында мемлекеттік-жеке меншік әріптестік аясында 2100 орынға арналған 9 балабақша ашылады, деп хабарлайды Egemen.kz әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Абай облысында 9 балабақша салынады

«Жайлы мектеп» пилоттық ұлттық жобасы аясында 5 700 орынға арналған 11 жаңа мектеп салу жоспарлануда.

«2023 жылы Семейде 3000 орынға арналған 5 мектеп, Водный кентінде 600 орындық, Аягөзде 600 орындық, Ақсуат ауылында 300 орындық, Бесқарағай ауылында 300 орындық мектептердің құрылыс басталады. 2024 жылы - Семейде 2700 орындық 6 мектеп, Ақсайда 600 орындық, Қарағайлыда 900 орындық, Жарма ауданы Қалбатау ауылында 300 орындық, Ақтоғайда (Аягөз ауданы) 300 орындық, Ақсуат ауданы Екпін ауылында 300 орындық мектеп салу жоспарлануда», деді Абай облысының білім басқармасының басшысы Нұржан Ахметқалиев.