Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты биылғы Жолдауында «Орта білімнің сапасы – табысты ұлт болудың тағы бір маңызды шарты. Әрбір оқушының білім алып, жан-жақты дамуы үшін қолайлы жағдай жасалуға тиіс. Сол үшін «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы қолға алынды» деп атап көрсеткен болатын.

Ұлттық жобаға сәйкес биыл шалғайдағы ауыл мектептерін кезең-кезеңімен жаңғыртып, жаңа заманның талабына сай ету жұмысы жалғасып жатыр. Бюджеттен 94 мектепке күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуге, жаңа модификация кабинеттерін сатып алуға, мектеп жиһаздарын жаңартуға, көркем әдебиеттермен қамтамасыз етуге 1,8 млрд теңге қаражат бөлінді. Бұл тараптағы жұмыс ойдағыдай жүзеге асырылып келеді. Осы жылы жалпы 11 мектепке күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін 1,6 млрд теңге бөлінді. Қаражат толық игеріліп, білім ошақтары жаңа заманның талабына сай етілді.
Ендігі бір мәселе – білім саласын цифрландыру. Заман көшіне ілесу – уақыт талабы. Облыстағы білім ошақтарында 46 мыңнан астам компьютерлік техника бар. Өңірдегі барлық мектеп жылдам интернетке қол жеткізіп отыр. Бұл мәселеге айрықша көңіл бөлініп, бұрын интернет байланысы нашар болған шалғайдағы
52 мектеп жылдамдығы жоғары интернет жүйесіне қосылды. Облыстың 206 мектебі роботтехника кабинетімен жабдықталды. Бұл кабинеттерде мектеп оқушылары өздерінің біліктілігін арттырады. Осылайша, білім беру үрдісінде цифрлық ресурстар кеңінен қолданылмақ.
Өңірде ұзақ уақыттан бері үш ауысымды оқыту жүйесі қиындық тудырып келген-ді. Бұл жайт Астана маңындағы елді мекендерде ішкі көші-қонға байланысты халықтың көбеюі себепті орын алып отыр. Енді елді мекендердегі білім ошақтары тапшылығы мәселесі біртіндеп шешіліп келеді. Биыл 1 қыркүйекте Қосшы қаласында 1 200 орындық мектеп пайдалануға берілді. Облыс орталығында 100 орындық жекеменшік мектеп жаңа оқу жылы қарсаңында есігін айқара ашты. Жыл соңына дейін тағы да 5 мектеп пайдалануға берілмек. Целиноград ауданы Өтеміс ауылында – 120, Аршалы ауданы Жібек жолы ауылында – 300, облыс орталығында 392 орындық мектеп салынбақ. Ақкөл қаласында №4 білім ошағына қосымша оқу корпусы бой көтереді. Осылайша, өңірдегі қордаланып қалған мәселе шешімін табады деп күтілуде.
Ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды қолдау да басты назарда. Өңірде 867 баланы қамтитын бес арнайы мектеп-интернат жұмыс істейді. Бұл орайда барлық ауданды тегіс ескеру талабы қойылып отыр. Атап айтсақ, 4 психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация және 20 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті жұмыс істейді. Бұл тарапта шаруа шашетектен. Нақты деректерге қарағанда, туғанынан 18 жасқа дейінгі ерекше білім беру қажеттіліктері бар 11 395 бала, олардың ішінде 1 643 мүгедек бала есепте тұр. Инклюзивті білім беру үшін барлық қолайлы жағдайды жасау бойынша ауқымды іс атқарылып жатыр. Мұндай жағдай 137 балабақшада, 328 мектепте қолға алынған. Өңірде инклюзивті білім беруді қолдаудың 19 ресурстық кабинеті ашылды.
Жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар да заман талабына сай білім алуда. Облыста жетім балаларға арналған 4 білім беру ұйымы жұмыс істейді. Өңірдегі балалар үйін қайта құру аяқталды. Ақкөл қаласындағы балалар үйі өмірлік қиын жағдайға тап болған балаларды қолдау орталығы болып қайта құрылды. Бала асырап алу, қорғаншылық пен қамқоршылық белгілеу, патронат арқылы жетім балалар мен қамқорлықсыз қалған балаларды отбастарына орналастыру бойынша жұмыс белсенді жүргізілуде. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға 545 пәтер бөлінді.
Білім беру жүйесінде қосымша білім ерекше маңызға ие. Биыл оқушыларды қосымша біліммен қамту 70 пайызға көбейді. Өңірде 51 қосымша білім беру ұйымы жұмыс істейді. Оның ішінде оқушылар сарайы, 18 шығармашылық орталықтары мен үйлері, өнер мектебі, 18 музыка мектебі, 4 аула клубы, 3 балалар-жасөспірімдер спорт мектебі, техникалық шығармашылық орталығы, туристер, натуралистер, техниктер стансалары, 2 балалар көркемсурет мектебі бар. Қосымша білім беру ұйымдарында 21 мыңнан астам оқушы білім мен білік көкжиегін кеңейтуде. Білім ошақтарында да қыруар үйірмелер ұйымдастырылып отыр. Тұтастай алғанда 3 358 үйірме 45 мыңнан астам баланы қамтиды. Мектеп оқушыларының спортпен айналысуына да жақсы жағдай туғызған. Атап айтсақ, 55 мыңнан астам бала мен жасөспірім спорт секцияларына барып жүр. Мемлекет басшысының үйірмелер мен секцияларға балалардың тегін сабақтарын қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасын орындау барысында биыл сәуір айынан бастап облыста 3 мыңнан астам баланы қамтитын қосымша білім беру бағытындағы жұмыс жүзеге асырылды.
Мемлекет басшысының Жолдауында мектепке дейінгі тәрбие жұмысына да ерекше назар аударылды. Балаларды балабақшамен қамту мәселесін түпкілікті шешу міндеті жүктеліп отыр. Осы саладағы мамандарға қойылатын нақты талаптар да бекітілді. Бұл орайда мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласында 606 ұйым нәтижелі жұмыс істеп тұр. Осы жылы облыстың мектепке дейінгі ұйымдарында жаңадан 1 240 орын дайындау жоспарланған. Таяуда 1 155 орындық 14 мектепке дейінгі ұйым ашылды. Жеті балабақшаның құрылысы жалғасуда. Атап айтсақ, Шортанды ауданының Төңкеріс ауылында – 140, Қараөткел ауылында және Целиноград ауданының Қоянды ауылында – 280, Қосшы қаласында 280 орындық балалар бақшасы салынуда. Сондай-ақ облыс орталығында сөйлеу қабілеті нашар балаларға арналған 280 орындық мекеме бой көтеруде. Көкшетау қаласының іргесіндегі Краснояр ауылы маңындағы Нұрлыкөш елді мекенінде 280 орындық мекеме салынады.
Енді бір сәт техникалық және кәсіптік білім беру жайына тоқтала кетелік. Мемлекет басшысының биылғы Жолдауында бұл мәселеге де көңіл бөлініп отыр. Онда «Техникалық және кәсіби білім беретін оқу орындары еңбек нарығының нақты сұранысына бейімделуі және еліміздің жаңа экономикалық бағдарының міндеттеріне сай болуы керек» деп атап көрсетілген. Биыл техникалық және кәсіби білім саласында өңірге қажетті кадрларды даярлауға мемлекеттік тапсырыс аясында 5 800 адам қабылданды. Жаңа оқу жылында жұмыс берушілермен жасалған келісім бойынша 280 жаңартылған білім беру бағдарламасы енгізілді. Мұның өзі уақыт талабы екені сөзсіз. Мемлекеттің қамқорлығымен оқып білім алған әр жас сол білімін пайдалана отырып, қоғамға да, өзіне де тиімді жұмыс істеуі керек. Өңірдегі 11 колледж – «Жас маман» жобасының қатысушылары. Биыл кәсіпорындардың өтінімдері бойынша колледждерге 1 мыңға жуық білім алушы мақсатты түрде қабылданды. Өңірдің 450 кәсіпорны мен ынтымақтастық шеңберінде дуалды оқытуды енгізу жалғасуда.
Кейінгі жылдары студенттердің жатақханаға зәру екені де белгілі. Бұл мәселені шешу үшін облыс орталығында әрқайсысы 300 орындық үш студенттік жатақхана салынып жатыр. Сондай-ақ жоғары көпсалалы азаматтық қорғау колледжі 500 орындық жатақхана салуды жоспарлап отыр.
Осылайша, Мемлекет басшысының Жолдауында айтылған асқаралы міндеттер үдесінен шығу бағытында өңірдегі білім ошақтары нәтижелі жұмыс істеуде.
Ақмола облысы
Риддер тұрғыны 2 жасар баласын балконнан құлатып алды
Аймақтар • Кеше
Бірқатар өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • Кеше
Әскери қызметші қарт кісіні өрттен құтқарып қалды
Қоғам • Кеше
Қазақстан мен Мажарстан екіжақты ынтымақтастықты нығайтады
Экономика • Кеше
Ақтөбеде қарда жүретін көлік бір топ адамды қағып кетті
Аймақтар • Кеше
5375 адам шетелден әкелінген көлігін сәтті заңдастырды
Қазақстан • Кеше
Атырау облысында жол апатынан жолаушы қайтыс болды
Аймақтар • Кеше
Өзбекстан азаматынан психотроптық заттар тәркіленді
Аймақтар • Кеше
Су тасқынына дайындық жөніндегі үкіметтік комиссия құрылды
Қазақстан • Кеше
Елімізде ет консервілерінің өндірісі артты
Экономика • Кеше
Таразда 19 жастағы қыз биік ғимараттан секіріп кетті
Аймақтар • Кеше
Қазақстан-Қытай шекарасында электронды кезек енгізілді
Қазақстан • Кеше
Павлодарда автобус пен екі автокөлік соқтығысты
Аймақтар • Кеше
Елордада газель автокөлігі жанып кетті
Елорда • Кеше
Елена Рыбакина Арина Соболенкомен кездеседі
Спорт • Кеше
Астаналық тұрғын ХҚКО-ның бірінен телефон ұрлады
Елорда • Кеше
Коронавирус жұқтырған 6 адамның жағдайы ауыр
Коронавирус • Кеше
Орман шаруашылығы комитетінің лауазымды тұлғалары ұсталды
ANTIKOR • Кеше
ШҚО-да алып бала дүниеге келді
Аймақтар • 27 Қаңтар, 2023
«Барыс» клубы «Тракторды» жеңіп, плей-оффқа өтті
Теннис • 27 Қаңтар, 2023
Бокстан АЧ: Әскер боксшылары «алтын» және «қола» жүлде алды
Бокс • 27 Қаңтар, 2023
Сенатта мүгедектігі бар адамдардың ақпаратқа қол жеткізу мәселелері талқыланды
Қоғам • 27 Қаңтар, 2023
Жеті өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • 27 Қаңтар, 2023
Альбина Кәкенова Аустралиядағы турнирдің финалисі атанды
Теннис • 27 Қаңтар, 2023
Алматыда жасөспірім қыз жол апатынан қаза тапты
Оқиға • 27 Қаңтар, 2023
СҚО-да «Аңсаған сәби» бағдарламасына 190 квота бөлінді
Қоғам • 27 Қаңтар, 2023
«ҚазМұнайГаз» шетелдік активтерінің тиімділігін арттырады
Қоғам • 27 Қаңтар, 2023
Ұқсас жаңалықтар