Қазақстан • 23 Қараша, 2022

Өзбек мәдениеті күндері басталды

743 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Ауылы аралас, қойы қоралас жатқан ағайындардың қай-қайсысының да түп тарихы, өнері мен салт-дәстүрі, әдебиеті мен мәдениеті қазақ елімен тереңнен тамырласып жатыр. Бауырлас халықтардың түрлі тараптағы бекем байланысы бүгінгі таңда да жалғасып келеді. Мәселен, күні кеше ғана ел астанасында басталған ауқымды іс-шаралар өзбек халқының өнеріне арналды. Өзбекстан Республикасының Мәдениет күндері аясында өтіп жатқан рухани жиын екі күнге жалғасады.

Өзбек мәдениеті күндері басталды

Өзбек мәдениеті күндерінің делегациясын Мәдениет ми­нистрінің бірінші орынбасары Бахадыр Ахмедов бастап кел­ді. Онда Өзбекстаннан 100-ге тарта адамнан тұратын Мәде­ниет министрлігінің, Өнер ака­демиясының және Қолөнершілер одағының шығармашылық ұжымдары бар. Атап айтсақ, делегация құрамында Өзбекстан батыры һәм халық әртісі Му­ножат Юлчиев, Өзбекстанның халық әртістері Жеңісбек Пиязов, Мансұр Ташматов, Махмұд На­мазов, сондай-ақ Мемлекеттік филармония, Юнус Раджаби атындағы «Маком» ансамблі, «Наурыз» би ансамблі және басқа да танымал музыкалық орындаушылар бар.

Өзбек мәдениетінің алғашқы кү­нінде Астана қаласының ОКЖ-ге қарасты Көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханасында екі елдің арнайы кітапханаларының бірлесіп жасаған тұңғыш жобасы Шокир Холиковтің «Шай» қысқаметражды фильмінің көрсетілімі өтті. Айта ке­тейік, бұл – Канн кинофестивалінде мүм­кін­дігі шектеулі жандар туралы қысқаметражды фильмдер арасынан бас жүлдені иеленген дыбыссыз туын­ды. Астана қаласының арнайы кітапханасының атсалысуымен фильм зағип жандарға арналып дыбысталды.

Жиынға Өзбекстан Республикасы Мәдениет министрлігі жанындағы Рес­пуб­ликалық Орталық зағиптар кітапха­насының директоры Фарход Джураев, Андижан облыстық зағип­тар кітапханасының директоры Урман Нурматов, Навой облыстық зағип­тар кітапханасының директоры Бах­тиёр Абдуллаев, Қарақалпақстан Респуб­ликасы Республикалық зағиптар кітапханасының директоры Алима Ахетова, Қазақстан Республикасы Мә­дениет және спорт министрлігі Мәдениет комитеті Музейлер мен кітапха­налар басқармасының басшысы Гүлзейнеп Пазылова, Астана қаласы Мәдениет басқармасының бас­шысы Санат Шапашов, Президент жанын­дағы Ұлттық құрылтай мүшесі, Астана қаласы өзбек этномәдени орталығының төрағасы Шерзод Пулатов қатысты.

Ұйымдастырушылар аталған іс-шара екі ел ынтымақтастығы мен бірлес­тігін нығайта түсу жұмыстарын молай­тып, екі ел кітапханаларының оқыр­мандар үшін бірлесе жұмыс атқаруы­ның бастамасы болу, сондай-ақ ерек­ше жандар туралы фильмді көп­шілік қауымға, Қазақстан жұртшы­лығына кеңінен насихаттау, жастар­дың үлкенге деген, қоғамдағы адамдар­дың бір-біріне деген қамқорлығы мен мейірімін арттыра түсуге шамалы болса да түрткі болуды мақсат етіп отыр деді.

ап

Көрсетілім барысында елордадағы Өзбек мәдени орталығының өнерпаз­дары һәм арнайы мәдени кітапхана­ның зағип оқырман­дары өнер көрсетіп, ­екі тараптан көрме ұсынылды. Соны­­мен қатар «Көру қабілеті нашар адам­­дар үшін қолжетімді орта құру» тақы­­рыбында дөңгелек үстел ұйым­дасты­рыл­ды. Одан бөлек Қазақ ұлттық өнер уни­верситетінде Өзбекстан Рес­пуб­ликасының халық және еңбек сіңір­ген әртістерінің қаты­суымен шеберлік сыныптары өтті.

Өзбек мәдениетінің Қазақстандағы екінші күнінде Қалибек Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры сахнасында шығармашылық ұжымдар­дың, Өзбекстанның мәдениет және өнер өкілдерінің қатысуымен мере­келік Гала-концерт өтеді. Оған қоса театр фойесінде Өзбекстанның ұлт­тық қолөнер және бей­нелеу өнері үлгі­лерінің компози­циялық көрмесі қойылады. Айта кетейік, бұл іс-шара­ның екіжақты маңызы үлкен. Өйткені 23 қарашада Қазақстан Рес­пуб­лика­сы мен Өзбек­стан Рес­публикасы ара­сын­дағы дипломатиялық қаты­нас­тардың орнағанына 30 жыл толады.