Қоғам • 23 Қараша, 2022

Семейдің бас экологы алаяқтық бойынша күдікке ілінді

329 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

23 қарашада экология саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау нәтижелері айтылған кеңес барысында Бас экологтың отбасы алаяқтық жасады деп айыпталғаны белгілі болды. Іс сотта қаралады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Семейдің бас экологы алаяқтық бойынша күдікке ілінді

ШҚО сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің ақпараты бойынша, шенеунік экологиялық заңнаманы бұзған адамды арашалау үшін ақша алды деп айыпталуда.

Іс ҚР ҚК 190-бабының 2, 4-тармақтары (мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адам не оған теңестірілген адам, не лауазымды адам не жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адам, егер ол өзінің қызметтік жағдайын пайдаланумен ұштасқан болса, бірнеше рет жасаған алаяқтық) бойынша тіркелді.