Өрт 150 шаршы метр аумақты қамтыған.
«23 қарашада, сағат 00:59-да Есіл ауданындағы Қонаев көшесі бойындағы құрылыс контейнерлерінен әкімшілік ғимарат өртенді. 20 адам мен 4 техника жұмыс істеді», деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.
Өрт 01:49-да оқшауланып, 02:03-те сөндірілді. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр. Зардап шеккендер жоқ.