Қазақстан • 23 Қараша, 2022

«Нұр Жолы» өткізу пунктінен бюджетке төлемдер түсімі артты

373 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2018 жылы Қазақстан-Қытай шекарасында мемлекет пен жеке әріптестік (ГЧП) механизмі арқылы «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық транзиттік дәлізінде орналасқан жаңа «Нұр Жолы» автомобиль өткізу пункті пайдалануға берілді. Бүгінде өткізу пункті табысты жұмыс істеп тұр, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Нұр Жолы» өткізу пунктінен бюджетке төлемдер түсімі артты

Бұл Орта Азиядағы ең ірі және технологиялық жағынан озық өткізу пункті. Құрылысқа арналған инвестициялық шығындар шамамен 69 млрд теңгеге жуықтаған.

Пункт жұмыс күндері 2,5 мың көлік құралын және 15 мың жеке тұлғаны өткізеді.

Өткізу пункті жұмыс істеген уақыт ішінде 209 432-ден астам көлік құралдары өтті. 223 356 млн теңгеден астам кедендік баж және салық түсті. Ескі «Қорғас» өткізу пунктімен салыстырғанда 4 жыл ішінде көлік саны 1,6 есе өсті, төлемдер түсімі 546,6%-ға жетті.