Осы аптада Алматыдағы Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті және «Жерұйық» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Тауқымет пен тағзым» атты жиын өтіп, оқиға барысында «Тауқымет пен тағзым» атты бейнетаспалар жинағының тұсауы кесілді.
Таныстырылым барысында «Жерұйық» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Болатбек Төлепберген: «Бұл 1937-1938 жылдардағы саяси қуғын-сүргін тақырыбына арналған CD альбом-жинағын жарыққа шығару тұңғыш рет жүзеге асып отыр. Басты мақсатымыз – саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарына арналған шығармалар мен көркем дүниелерді насихаттау болып табылады», – деді.
Үш дискіден тұратын жинақтың бірінші дискісіне саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарының әндері және тақырыпқа сай әндер мен күйлер, екінші дискіге көркем-суретті және деректі фильмдер, ал, үшінші дискіге саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарының фотомәліметтері мен шығармалары, естеліктері, тақырыпқа сай мұрағат материалдары топтастырылған.
Кейінгі ұрпақ 1937-38 жылдар – қазақ халқын ұлт зиялыларынан айырған аяр жылдар екенін біліп өссін деген ниеттен туған бастаманы Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасы қолдап, жинақтың шығуына тікелей ықпал еткен.
Деректерге сүйенсек, қазақ тарихының зұлматты кезеңі аталған репрессия салдарынан 25 мыңнан аса қазақстандық қазаға ұшырады. 103 мың адам саяси айып тағылып сотталып, оның төрттен бірі атылған.
Айнаш ЕСАЛИ,
«Егемен Қазақстан».
АЛМАТЫ.

Еліміздің қай өңірлерінде жолдар жабық тұр?
Ауа райы • Бүгін, 09:25
Бірқатар облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • Бүгін, 09:16
Бүгін 1 долларды қанша теңгеге сатып алуға болады?
Қаржы • Бүгін, 09:10
Шымкентте саябақ аумағынан ер адамның мәйіті табылды
Аймақтар • Кеше
Астанада және еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды
Ауа райы • Кеше
Ата заңда адам құқығына қандай артықшылық берілді?
Ата заң • Кеше
Қазақстанда 23 ақпанға дейін бірқатар жол учаскесі жабылды
Ауа райы • Кеше
Астанада құжатсыз тасымалданған ет өнімдері сатылмақ болған
Аймақтар • Кеше