Қаржы • 23 Қараша, 2022

Доллар тағы құлдырады

244 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы аздап құлдырады, деп хабарлайды Egemen.kz Қазақстан қор биржасының (KASE) мәліметтеріне сілтеме жасап.

Доллар тағы құлдырады

Күндізгі сауданың қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 0,14 теңгеге төмендеп, 462,65 теңгені құрады. Айта кетейік, Ұлттық банктің 23 қарашадағы бір долларға арналған ресми бағамы 462,75 теңгені құрайды.

Kurs.kz хабарлағандай, дәл қазір Астананың ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 461,85 теңгеден сатып алынып, 464,96 теңгеден сатылуда. Алматының ақша айырбастау орындарында долларды орташа сатып алу – 463,35 теңге, сату – 467,10 теңге.