Футбол • 23 Қараша, 2022

Сенсация: Жапония Германия құрамасынан басым түсті

582 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Германия құрамасы үшін әлем чемпионаты сәтсіз басталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Сенсация: Жапония Германия құрамасынан басым түсті

33-минутта Илькай Гюндоган пенальтиден гол соғып, Германияны алға шығарған еді. 

Тек 75 минутта жапониялық Рицу Доан есепті теңестірді.  Матч уақыты аяқталуға таяғанда шешуші голды Такумо Асано соқты.

Осылайша. 2:1 есебімен Жапония Германия құрамасынан басым түсті.