Қуғын-сүргін құрбандарына арналған әдемі шараны елордадағы Ұлттық академиялық кітапхана ұжымы «Халық қасіреті және тарих тағылымы» атты кітап, «Ұлы дала тарихы» деген тақырыпта талантты суретші Алмас Сырғабаевтың сурет көрмесін ұйымдастырды.
Кітап көрмесінде кітапхана қорындағы репрессияға арналған 200-ден аса кітап, журналдар, өзге де басылымдар қойылса, екінші тақырып аясында суретшінің «Қара орамал», «Жанталас», «Қаралы көш», «Мұңлы әуен» картиналары, Алаш арыстары Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, Т.Рысқұлов, Қ.Досмұхамедов, Ә.Ермеков, өзге де туындылары қойылған.
Көрменің ашылу рәсімінде белгілі ақын Дәулеткерей Кәпұлы қуғын-сүргін жылдарына тереңдеп барып, ұлы ақын Мағжан Жұмабаев туралы Жәркен Бөдештің «Сен қара жер емессің, сатылып кететін, мен Мағжан емеспін, атылып кететін, Қара жер құнарлылығы үшін сатылды, Мағжан сатылмағаны үшін атылды», деген өлеңін дәйекке келтіріп, Алаш арыстарының ұлылығына бәріміздің де қарыздар екенімізді алға тартты. Ал кітапхана директорының орынбасары Ғалия Бөкей рухани орталықтың ұлт тағдырына арнаған осындай іс-шаралары жыл бойы жалғасып отыратынына дәйектер келтірді. Көрнекті ғалым Тұрсын Жұртбай қазақ халқының соңғы ғасырлардағы демографиялық көрсеткіштерінен мысалдар келтіріп, қызыл қырғындар кезіндегі өлім-жітімдерді тілге тиек етті. Оның бәрін өзге көрші елдермен ұштастыра отырып жеткізді. Ол сонымен бірге, суретші Алмас Сырғабаев бейнелеген Алаш арыстарының дидарынан тыс жері қарақоңыр болып келуінің арғы жағында олардың халық алдында кінәсі жоқ, ары таза, жүзі жарық дегенді көрсетіп отырғанын баян етті. Сол секілді ғалым А.Қашқымбаев көрмеге қойылған кітаптарды әр азамат оқып, өткенді біліп отыру керектігін атап өтіп, Алаш арыстарының суреті тек көрмеде емес, мекемелерде, әсіресе жоғары оқу орындары мен мектептердегі әр сыныпта тұруы тиіс деген байламын жеткізді. Суретші Жеңіс Кәкенұлы әріптесінің еңбектеріне жан-жақты тоқталды. Жалпы, сурет көрмесінен аңғарылатын бір ерекшелік, қылқалам шебері қазақ халқының жоңғар шапқыншылығындағы көрген қасіретін, сол кездегі қазақ батырларының ерен ерлігін Алаш арыстарының бейнесімен ұштастырып, оны кейінгі жақсыларымызбен жалғастырғаны ерекше назар аударады. Суретші бұл қадамымен бүкіл жұртымыздың арғы-бергі тарихын саралай отырып, ғасырлар галереясын түзу ниеті барын алға тартты. Оның қазір іргетасы қаланғанын, біраз дүниелердің салынып қойғанын да атап айтты. Бұл екі көрме қазақ халқының басынан өткен небір кезеңдерді білдірумен бірге, оларды әрқашан есте ұстау қажеттігін санаға сіңіргені сөзсіз.
Сүлеймен МӘМЕТ,
«Егемен Қазақстан».

Онлайн-казинодан түскен табыс тәркіленді: Porsche мен Lexus мемлекет кірісіне өтті
Қоғам • Бүгін, 13:51
Түркістан әуежайына 14,3 млн теңге айыппұл салынды
Аймақтар • Бүгін, 13:45
Жетісуда жас кәсіпкер қол ашытқымен пісірелетін нан өндірісін жолға қойды
Өндіріс • Бүгін, 13:28
Алтынкөл – Қорғас торабының өткізу қабілеті екі есеге жуық артады
Логистика • Бүгін, 13:11
Цифрландыру және жасанды интеллект жылы қандай жобалар жүзеге асады?
Қоғам • Бүгін, 13:05
Мемлекет басшысы Грузияның Ішкі істер министрін қабылдады
Президент • Бүгін, 13:00
Қазақ әскерилері Голан жоталарына аттанады
Қоғам • Бүгін, 12:58
Астанада қар күреуге екі мыңға жуық арнайы техника шығарылды
Елорда • Бүгін, 12:57
Полиэтилен мен алкилат: Жаңа өндірістер Қазақстанның импортқа тәуелділігін азайтады
Энергетика • Бүгін, 12:48
Қостанай облысында 145 робот өндірісте жұмыс істей бастады
Технология • Бүгін, 12:40
Бибігүл Жексенбай: Конституцияны талқылау – қоғамның ортақ жауапкершілігі
Ата заң • Бүгін, 12:34
Әуеде 900 сағаттық тәжірибесі бар қазақ ұшқышы туралы не білеміз?
Қоғам • Бүгін, 12:23
Мысыр визасы қымбаттады: Қазақстан азаматтары үшін жаңа тариф енгізілмек
Қоғам • Бүгін, 12:18
Қара алтын құны соңғы алты айдағы ең жоғарғы межені бағындырды
Әлем • Бүгін, 12:10