Қоғам • 24 Қараша, 2022

Нәрестенің салмағы – 5 кило

453 рет көрсетілді

Дәрігерлердің айтуынша, медицинада өмірге келген сәтте салмағы 4 килодан асатын нәресте ірі саналады. Ал 5 килодан жоғары салмақпен туғандар алыптар қа­тарына қосылады. Аты­раудағы облыстық пе­ри­наталдық орталы­ғын­да алып сәби өмірге келді.

«Қазір алып баланың да, оны өмірге әкелген анасының да жағдайы жақсы. Алып нәресте – отбасындағы төр­тінші бала. Сәбидің салмағы ірі болған соң, анасына кесарь тілігі арқылы ота жасалды. Ол – биыл Атырауда жарық дүние есігін ашқан алғашқы алып нәресте. Оның салмағы – 5 700 грамм, ал бойы – 64 см», деп хабарлады бас­қарманың баспасөз қызметі.

Өңірде туу көрсеткіші артып келеді. Мәселен 20 қарашада 34 сәби дүние есігін ашқан. Оның ішінде бір егіз бар. Бұл күні өмірге келген нә­рестелердің 19-ы – ұл, 15-і – қыз. Аналар мен сә­би­лер дәрігерлердің жіті ба­қылауына алынды.

 

Атырау облысы

Соңғы жаңалықтар

Ұқсас жаңалықтар