Оқиға • 24 Қараша, 2022

Мексикада журналиске қастандық жасалды

187 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мексиканың Веракрус штатында журналист қаза тапты, деп хабарлайды Egemen.kz.

 

Мексикада журналиске қастандық жасалды

Белгісіз біреулер таксиде отырған тілшіні атып өлтірген. Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, оқиға Халапа қаласында болған.

AX Noticias газетінің қызметкері Педро Пабло Кумулаға қасақана шабуыл жасаған. Өкінішке қарай, журналист оқиға орнында қайтыс болды.

Айта кетейік, сонымен қатар Мексикада Azucar FM радиосының қызметкері Франсиско Эрнандес 20 қарашадан бері хабарсыз кеткен.