Мәселеге кіріспес бұрын мәслихат хатшысы Ерлан Қаналимов биыл 22 желтоқсанда Сенат депутаттарының сайлауы өтетінін еске салды.
«Ерлан Бәтташұлы – ғылым докторы, академик, профессор. Оның мол тәжірибесі Сенатқа жаңа серпін беріп, елімізге пайдасын тигізеді деп ойлаймын. Біздің фракция Ерлан Бәтташұлы Сыдықовтың кандидатурасын ұсынып жатыр», деді «Аманат» партиясының депутаты Азамат Айтхожин.
Ұсынылған кандидатураны басқа фракция өкілдері де қолдады. Осылайша, Мәслихат Ерлан Бәтташұлы Сыдықовты Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының бос депутаттығына кандидат етіп ұсыну туралы шешім қабылдады.