Теннис • 24 Қараша, 2022

Бейбіт Жукаев Жапониядағы жарыстың ширек финалына шыға алмады

92 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандық Бейбіт Жукаев Жапонияда Йоккаити челленджер турнирінің ширек финалына шыға алмады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бейбіт Жукаев Жапониядағы жарыстың ширек финалына шыға алмады

Жукаев екінші айналымда әлемнің 173-інші, осы жарыстың 3-ракеткасы, жапониялық Юсуке Ватанукимен шеберлік байқасты.

Бәсеке 0:6, 1:4 есебімен аяқталды. Екінші сетте алтыншы геймде аздап жарақат алған Бейбіт матчты жалғастыра алмады.

Ақтау теннис мектебінің түлегі, 22 жастағы Жукаев биыл өте табысты өнер көрсетті. Жылдың басында 728-орынмен бастаған Бейбіт Жукаев қазіргі кезде АТР live рейтингісінде 311-сатыда тұр.