Егін жинау аяқтауға жақын, бүгінгі күні фермерлер бұл дақылдың егіс алқаптарының 96%-ын жинап, шамамен 1,2 миллион тонна күнбағыс бастырды. Айта кетсек, бұл өткен жылғы көрсеткіштен 2 есе көп.
Сондай-ақ елімізде күнбағыс майын өндіру көлемі де өсіп келеді. Биылғы жылдың қыркүйегіне қарай кәсіпорындар 352,3 мың тонна шығарды, бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңінен 46,3%-ға артық.
Ведомство өкілдері атап өткендей, отандық күнбағыс майының бір бөлігі экспортқа шығарылады. Мәселен, 2022 жылдың басынан бастап шетелге 173,1 мың тонна өнім сатылды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 2,7 есе көп.