Футбол • 25 Қараша, 2022

Әлем чемпионаты: Португалия Гананы жеңді

286 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2022 жылғы әлем чемпионатының топтық кезеңіндегі Португалия мен Гана арасындағы ойын аяқталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Әлем чемпионаты: Португалия Гананы жеңді

Тартысты өткен кездесуде еуропалық команда 3:2 есебімен жеңіске жетті.

Кездесудің 65-минутында Криштиану Роналду пенальтиді орындады. Ганалық қақпашыны қапы қалдырған португалиялық футболшы әлем чемпионаттарындағы сегізінші голын соқты. Есеп – 1:0.

73-минутта ганалық Андре Айю есепті теңестірді. Бұдан кейін португалиялық ойыншылар үш минуттың ішінде екі гол соғып үлгерді. Атап айтқанда, Хуан Феликс 78-минутта, Рафаэль Леао 80-ші минутта қарсылас қақпасынан саңылау тапты.

Дегенмен Гана кездесуде есеп айырмасын қысқартты. 89-минутта Осман Букари гол соғып, құрамасына үміт сыйлады.

Соңғы минуттарда қос құрамада да гол салатын мүмкіндіктер болды. Бірақ таблодағы есеп өзгеріссіз қалды.