Қоғам • 25 Қараша, 2022

Қарағандыда қос азаматтығы бар ер адам ұсталды

258 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қарағандыда қос азаматтық алған Ресей азаматына жарты миллион теңгеге жуық айыппұл салынды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қарағандыда қос азаматтығы бар ер адам ұсталды

Мәскеу-Қарағанды ​​рейсін тексеру кезінде көші-қон қызметі қалалық әуежайда 34 жастағы ер адамды ұстады. Тексеру барысында ұсталған азаматтың қос азаматтығы бар екені анықталды. Бірі қазақ, екіншісі Ресей Федерациясының азаматы.

«Құқық бұзушыға қатысты көлік полициясының қызметкерлері ҚР ӘҚБтК-нің 496-бабының 2-бөлігімен «Шетел азаматтығын алу фактісін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімде хабарламау» бойынша әкімшілік хаттама толтырды», деп хабарлады полиция басқармасының баспасөз қызметі

Қарағанды ​​облысы Бұқар жырау аудандық сотының қаулысымен Ресей азаматы 428 820 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл түріндегі жауапкершілікке тартылды.

Ведомствоның мәліметінше, биылғы жылдың басынан бері Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін 1136 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Оның ішінде қос азаматтығы бар 53 азамат бар.

194 шетелдік Қазақстаннан шығарылды. Олардың барлығына 5 жыл мерзімге елге кіруге тыйым салынған.