Елорда • 25 Қараша, 2022

Елордада 2,5 мың жұмысшы қар тазалап жатыр

16 рет көрсетілді

Елордада қысқы кезеңнің басталуымен коммуналдық қызметтер тәулік бойы күшейтілген режимде жұмыс істейді. Осы уақыт ішінде қаладан 200 мың текше метр қар шығарылды, деп хабарлайды Egemen.kz Астана әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.

Астанада бір түнде 5 мың текше метрден астам қар шығарылды

25 қараша күні таңертең қала көшелерін қар мен мұздан тазартуға 2,5 мыңға жуық жол жұмысшылары мен мыңнан астам арнайы техника шықты.

24-25 қарашаға қараған түні қаладағы коммуналдық қызметтердің күшімен 5 мың текше метрден астам қар жиналып, полигондарға шығарылды. Бұл 500-ге жуық рейсті құрады.

Астанада бір түнде 5 мың текше метрден астам қар шығарылды

Қыс мезгілінің басынан бастап елордадан 200 мың текше метрге жуық қар шығарылды. Бұл 15 мыңнан астам ауыр жүк көлігіне тең.

Соңғы жаңалықтар

Ұқсас жаңалықтар