2014 жылғы 16 мамыр, Астана қаласы
«Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің Мәдениет және өнер істері комитеті» мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы
бұйырамын:05
1. Қоса беріліп отырған «Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің Мәдениет және өнер істері комитеті» мемлекеттік мекемесінің ережесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің Мәдениет және өнер істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуінен кейін он күнтізбелік күннің ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында және «Әділет» құқықтық-ақпараттық жүйесінде ресми жариялануға жолдауын;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің интернет-ресурсында орналасуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық оның алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Министр А.МҰХАМЕДИҰЛЫ.
Қазақстан Республикасы Мәдениет министрінің 2014 жылғы 16 мамырдағы №37 бұйрығымен бекітілген
«Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің Мәдениет және өнер істері комитеті» мемлекеттік мекемесінің ережесі
1. Жалпы ережелер
1. «Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің Мәдениет және өнер істері комитеті» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Комитет) оған жүктелген функцияларды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің (бұдан әрі - Министрлік) ведомствосы болып табылады.
Комитеттің негізгі міндеттері мәдениет, тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану саласында мемлекеттік саясатты іске асыру және мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру болып табылады.
2. Комитет өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасының Президентінің және Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
3. Комитет мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оқшауланған мүлкі, мемлекеттік тілде өз атауы жазылған мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ заңнамаға сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
Комитет азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
Егер оған заңнамаға сәйкес уәкілеттік берілсе, Комитеттің мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар.
4. Комитет өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен төрағаның немесе оны ауыстырушы тұлғаның бұйрықтарымен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
5. Комитеттің құрылымы мен штат санын Қазақстан Республикасы Мәдениет министрінің келісімі бойынша жауапты хатшы бекітеді.
6. Комитеттің заңды мекенжайы: 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Орынбор көшесі, № 8 үй, «Министрліктер үйі» ғимараты, 15-кіреберіс.
7. Комитеттің толық атауы – «Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің Мәдениет және өнер істері комитеті» мемлекеттік мекемесі.
8. Осы Ереже Комитеттің құрылтай құжаты болып табылады.
9. Комитеттің қызметін қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
10. Комитетке кәсіпкерлік субъектілерімен Комитеттің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау мәніне шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер Комитетке Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда мұндай қызметтен алынған кірістер бюджеттің кірісіне жіберіледі.
11. Комитет:
1) кинематография және театр өнері басқармасынан;
2) музыка өнері басқармасынан;
3) тарихи – мәдени мұра басқармасынан;
4) әкімшілік жұмыс басқармасынан;
5) жоспарлау және бюджеттік орындау басқармасынан тұрады.
12. Комитет келесі мемлекеттік ұйымдарды басқаруды жүзеге асыратын орган болып табылады:
1) Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің «Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-мұражайы» республикалық мемлекеттік мекемесі;
2) Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің «Ұлытау» ұлттық тарихи-мәдени және табиғи қорық-мұражайы» республикалық мемлекеттік мекемесі;
3) Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің «Әзірет-Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайы» республикалық мемлекеттік мекемесі;
4) Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің «Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-мұражайы» республикалық мемлекеттік мекемесі;
5) Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайы» республикалық мемлекеттік мекемесі;
6) Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің «Тамғалы» мемлекеттік тарихи-мәдени және табиғи қорық-мұражайы» республикалық мемлекеттік мекемесі;
7) Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы» республикалық мемлекеттік мекемесі;
8) Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің «Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапхана» республикалық мемлекеттік мекемесі;
9) Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің «Астана қаласындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасы» республикалық мемлекеттік мекемесі;
10) Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Ұлттық мұражайы» республикалық мемлекеттік мекемесі.
13. Комитет келесі мемлекеттік кәсіпорындарды басқаруды жүзеге асыратын орган болып табылады:
1) Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің «Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театры» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
2) Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің «М. Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
3) Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің «М. Лермонтов атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театры» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
4) Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің «Ғ. Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
5) Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің «Н. Сац атындағы Орыс мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
6) Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің «Құдыс Қожамияров атындағы Республикалық мемлекеттік ұйғыр музыкалық комедия театры» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
7) Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің «Республикалық мемлекеттік корей музыкалық комедия театры» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
8) Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің «Республикалық неміс драма театры» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
9) Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің «Қазақстан Республикасының мемлекеттік орталық мұражайы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
10) Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің «Ә. Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік өнер мұражайы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
11) Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің «Сирек кездесетін қияқты саз аспаптарының мемлекеттік коллекциясы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
12) Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің «Республикалық кітап мұражайы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
13) Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің «Ордабасы» ұлттық тарихи-мәдени қорығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
14) Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
15) Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің «Берел» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
16) Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің «Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
17) Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің «Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
18) Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің «Қазақстан Республикасының «Салтанат» мемлекеттік би ансамблі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
19) Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің «Қазақстан Камератасы» классикалық музыка ансамблі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
20) Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің «Қазақстан Республикасының мемлекеттік академиялық би театры» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
21) Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің «Ақ жауын» мемлекеттік камералық оркестрі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпор;
22) Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің «Қазқайтажаңарту» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
14. Комитет акцияларының мемлекеттік пакеттеріне (қатысту үлестеріне) иелік ету және оны пайдалану құқықтары Министрлікке тиесілі келесі заңды тұлғалармен басқаруды жүзеге асыратын орган болып табылады:
1) «Қазақ әуендері» акционерлік қоғамы;
2) «Қазақстан халқының рухани даму қоры» акционерлік қоғамы;
3) «Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» акционерлік қоғамы;
4) «Астана Опера» Мемлекеттік опера және балет театры» коммерциялық емес акционерлік қоғамы;
5) «Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;
6) «Astana Ballet» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
2. Комитеттің функциялары
15. Комитет заңнамаға және оған жүктелген міндеттерге сәйкес мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) мәдениет, тарихи-мәдени мұра объектiлерiн қорғау және пайдалану саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
2) мәдениет саласындағы ғылыми бағдарламаларды іске асыру;
3) республикалық бюджеттік бағдарламаларды іске асыру;
4) халықаралық және республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткiштерiнде археологиялық және (немесе) ғылыми-реставрациялық жұмыстардың орындалуын бақылау;
5) халықаралық және республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткiштерiн пайдаланудың жай-күйiн және күтiп ұсталу тәртiбiн бақылау;
6) жаңа тарих және мәдениет ескерткiштерiнiң орнатылуын бақылау;
7) Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени мұра объектiлерiн қорғау және пайдалану саласындағы заңнамасының орындалуын бақылау;
8) лицензиаттың лицензияда көрсетiлген шарттарды сақтауын бақылау;
9) жеке және заңды тұлғалардың тарих және мәдениет ескерткiштерiн қалпына келтiруiн бақылау;
10) ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың қызметіне басшылықты жүзеге асыру;
11) Қазақстан Республикасының халқы мәдениетінің дамуы үшін жағдайлар жасау;
12) Министрліктің стратегиялық жоспарларына, мәдениет, тарихи-мәдени мұра объектілері салаларындағы мемлекеттік және салалық (секторалдық) бағдарламаларға ұсыныстар енгізу;
13) мәдениет сұрақтары бойынша нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысу;
14) Қазақстан Республикасының аумағында тарих, материалдық және рухани мәдениет ескерткіштерін есепке алу, қорғау, консервациялау, реставрациялау және пайдалану жөнінде, сондай-ақ елдің көрнекті мәдениет қайраткерлерін мәңгі есте қалдыру жөнінде іс-шаралар ұйымдастыру;
15) объектілерді Ұлттық мәдени игілік объектілерінің мемлекеттік тізіліміне енгізу туралы жеке және (немесе) заңды тұлғалардың өтінімдерін қарау;
16) Ұлттық мәдени игілік объектілерінің мемлекеттік тізілімін жүргізу;
17) Министрлікке мемлекеттiк мәдениет ұйымдарын құру, қайта ұйымдастыру және тарату жөнiнде ұсыныстар енгiзу;
18) мәдениет саласында әлеуметтiк мәндi iс-шаралар өткiзу;
19) шығармашылық қызметтiң түрлi салаларында ұлттық (республикалық) және халықаралық конкурстар мен фестиальдерді өткізу;
20) Республикалық конкурстар мен фестивальдер өткiзудiң үлгiлiк ережелерiн әзiрлеуге қатысу;
21) дарынды жастарды және перспективалық шығармашылық ұжымдарды іздестіруге және қолдауға бағытталған іс-шаралар кешенін жүзеге асыру;
22) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мәдениет және өнер қайраткерлеріне құрметті атақтар мен мемлекеттік наградалар беру, Қазақстан Республикасының шығармашылық ұжымдарын марапаттау туралы ұсыныстар енгізу;
23) мемлекеттiк мәдениет ұйымдары қызметкерлерiнiң санаттарына қойылатын үлгi бiлiктiлiк талаптарын әзiрлеуге қатысу;
24) бағынысты ұйымдардың басшыларын аттестаттауын ұйымдастыру және өткізу;
25) республикалық мәдениет ұйымдарының аттестаттауын өтізу;
26) мемлекеттік мәдениет ұйымдарының қызметкерлерiн қайта даярлау және олардың бiлiктiлiгiн арттыру жүйесiн ұйымдастыру;
27) халықаралық мәдени ынтымақтастықты жүзеге асыру;
28) музыка және театр өнерi саласында репертуарлық саясатын үйлестiру;
29) фильмдердiң мемлекеттiк тiзiлiмiн жүргiзу;
30) фильмдерге прокаттау куәлiктерiн беру және оларды сот тәртiбiмен керi қайтарып алу;
31) мемлекеттiк мәдениет ұйымдары мен жекелеген кәсiби көркем, шығармашылық ұжымдарға «Ұлттық» мәртебе беру туралы ұсыныстарды қалыптастыру;
32) республикалық мемлекеттiк мәдениет ұйымдары басшыларының, сондай-ақ облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органдары басшыларының мемлекеттiк мәдениет ұйымдары мен жекелеген кәсiби көркем, шығармашылық ұжымдарға «Академиялық» мәртебе беру туралы ұсыныстарын қарау және Қазақстан Республикасының Үкiметiне мемлекеттiк мәдениет ұйымдары мен жекелеген кәсiби көркем, шығармашылық ұжымдарға «Академиялық» мәртебе беру туралы ұсыныстар енгiзу;
33) көркемөнерпаздар ұжымдарына «Халықтық» (үлгiлi) атағын беру туралы облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары басшыларының ұсыныстарын қарастыру;
34) тарих және мәдениет ескерткіштеріне археологиялық және (немесе) ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүргізу жөніндегі қызметті лицензиялау;
35) мемлекет меншiгi болып табылатын халықаралық және республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткiштерiн пайдалануға беру жөнiнде ұсыныс енгізу;
36) қалалар мен басқа да елдi мекендердi жоспарланудың, салу және қайта жаңарту жобаларын, сондай-ақ тарих және мәдениет ескерткiштерi бар жердi пайдалану карталарын келiсу;
37) жергiлiктi маңызы бар тарих және мәдениет ескерткiшiнiң орнын ауыстыруға немесе өзгертуге келiсiм беру;
38) тарихи-мәдени мұра объектiлерiн қорғау аймақтарын, құрылыс салуды реттеу аймақтарын және қорғалатын табиғи ландшафт аймақтарын айқындау тәртiбiн және пайдалану режимiн әзірлеуге қатысу;
39) республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіліміне ұсыныстар дайындау, жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізілімін келісу;
40) мәдениет саласында көркем-сараптамалық кеңестердің, сараптамалық комиссиялардың жұмысын ұйымдастыру;
41) тарих және мәдениет ескерткiштерiнiң орнын ауыстырған немесе өзгерткен кезде оларды ғылыми зерделеу және тiркеу жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастыру;
42) Қазақстан Республикасында орнатылатын ескерткiштер мен монументтер жөнiндегi мемлекеттік комиссияның, Әдебиет пен өнер саласындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссияның, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің бейбітшілік және прогресс Мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссияның, Мемлекеттік стипендияларды беру жөніндегі комиссияның, тарихи-мәдени мұра объектiлерiн тарих және мәдениет ескерткiштерi деп тану туралы, сондай-ақ тарих және мәдениет ескерткiштерi мәртебесiнен айыру туралы қорытындыны әзiрлеу жөніндегі арнайы комиссияның қызметін қамтамасыз ету;
43) жетекшілік ететін салалар бойынша мемлекеттік сатып алу саласындағы қызметті жүзеге асыру;
44) «Жеке кәсiпкерлiк туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ведомстволық статистикалық есептiлiктiң, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесiн бағалау критерийлерiн, жыл сайынғы тексеру жоспарларының әзiрлеуіне қатысу;
45) Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану саласындағы заңнамасының талаптарын сақтауды қамтамасыз ету;
46) ұлттық мәдени игілік объектілері ерекше режимінің сақталуын қамтамасыз ету;
47) республика (ауылдық, кенттiк, аудандық, қалалық, облыстық, республикалық) мәдениет ұйымдарының қызметiн үйлестiру;
48) мәдениет саласындағы кадрларға қажеттілікті айқындау;
49) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасында белгiленген тәртiппен ұлттық фильмдерін жасау;
50) Комитеттің кадр саясатында гендерлік теңдік қағидаттарын сақтауды қамтамасыз ету;
51) мемлекеттiк және салалық (секторалдық) бағдарламаларды iске асыру жөнiндегi қоғамдық ұйымдармен өзара iс-қимылды жүзеге асыру;
52) меншiк нысанына қарамастан, шығармашылық одақтармен және басқа да ұйымдармен мәдениет мәселелерi жөнiнде өзара iс-қимыл жасау;
53) театр, музыка өнерiн, кинематографияны, кiтапхана және мұражай iсiн дамыту жөнiндегi республикалық маңызы бар мемлекеттiк мәдениет ұйымдарының қызметiн қолдау және үйлестiру, мәдениет саласындағы республикалық мемлекеттiк мекемелердiң қызметiн қамтамасыз ету;
54) Қазақстан Республикасы заңдарымен, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілерімен қарастырылған өзге де функцияларды жүзеге асыру.
16. Комитеттің өзіне жүктелген міндеттер мен функцияларды іске асыру мақсатында заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) өзінің құзыреті шегінде құқықтық актілер шығаруға;
2) мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды тұлғаларынан қажетті ақпарат пен материал сұратуға және алуға;
3) мәдениет, тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану саласында нормативтік құқықтық актілер әзірлеу бойынша ұсыныстар енгізуге;
4) Комитеттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мәжілістер, семинарлар, конференциялар, дөңгелек үстелдер және өзге отырыстар өткізуге;
5) жетекшілік ететін қызмет бағыттары бойынша консультативтік-кеңесші органдар (жұмыс топтарын, комиссиялар, кеңестер) құруға;
6) Министрлікке ведомстволық бағынысты ұйымдарға мемлекеттік басқару органы болуға;
7) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен көзделген басқа да құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.
3. Комитеттің қызметін ұйымдастыру
17. Комитетті Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген тәртіпке сәйкес Қазақстан Республикасы Мәдениет министрі қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Төраға басқарады.
18. Комитет төрағасының Министрліктің Жауапты хатшысының ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасы Мәдениет министрі қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын екі орынбасары болады.
19. Комитет төрағасы Комитетке басшылық етуді жүзеге асырады, Комитетке жүктелген міндеттердің орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшін дербес жауапты болады.
20. Комитет төрағасы:
1) өзінің орынбасарлары мен Комитеттің қызметкерлерінің өкілеттіктерін және міндеттерін айқындайды;
2) еңбек қатынастары мәселелері жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымдық тұлғалардың құзыретіне жатқызылған қызметкерлерден басқа, Комитет қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
3) еңбек қатынастары мәселелері жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымдық тұлғалардың құзыретіне жатқызылған қызметкерлерден басқа, Комитет қызметкерлерінің іссапар, еңбек демалысын беру, материалдық көмек көрсету, даярлау (қайта даярлау), біліктілігін арттыру, ынталандыру, үстемақылар төлеу және сыйақы беру, сондай-ақ тәртіптік жауапкершілігі мәселелерін шешеді.
4) жетекшілік ететін вице-министр, жауапты хатшының келісімімен Комитет қызметкерлерінің Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге іссапарға бару мәселелерін шешеді;
5) өз құзыреті шегінде Комитеттің, оларға қатысты Комитет басқару орган болып табылатын ұйымдардың қызметкерлері үшін орындалуы міндетті бұйрықтар шығарады, нұсқаулар береді;
6) қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда Комитетті білдіреді;
7) Комитеттің құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді бекітеді;
8) Комитетте сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекетке бағытталған шаралар қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қабылданған шараларға дербес жауапты болады;
9) республикалық бюджеттік бағдарламалар мен мемлекеттік сатып алу бағытындағы қызметтерді жүзеге асыруда дербес жауапты болады;
10) өзінің құзыретіне жататын басқа да мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды.
21. Төраға жұмыста болмаған жағдайда Комитет қызметінің жалпы басшылығы мен Комитетке жүктелген міндеттерді орындауға және оның өз функцияларын іске асыруға дербес жауапкершілікте болу Төраға орынбасарларының біріне жүктеледі.
22. Комитеттің консультативтік-кеңесші орган болып табылатын алқасы бола алады. Алқаның сандық және жеке құрамын жетекшілік ететін вице-министрдің келісімі бойынша Төраға бекітеді.
23. Комитет қызметін ұйымдастырудың өзге де мәселелері, оның қызметін қамтамасыз ететін лауазымды тұлғалардың құқықтары мен міндеттері, құрылымдық бөлімшелердің құзыреті мен өкілеттіктері Министрліктің, Комитеттің жұмыс регламенттерімен және Комитеттің құрылымдық бөлімшелері туралы ережелермен белгіленеді.
4. Комитеттің мүлкі
24. Комитеттің жедел басқару құқығындағы оқшауланған мүлкі болады. Комитеттің мүлкі, оған мемлекет берген мүліктің есебінен, сондай-ақ құны Комитеттің теңгерімінде көрсетілетін өзге де мүліктерден қалыптасады.
25. Комитетке бекітіліп берілген мүлік республикалық меншікке жатады.
26. Комитеттің өзіне бекітілген мүлікті және оған қаржыландыру жоспары бойынша бөлінген қаражат есебінен алынған мүлікті, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе, өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзге де тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату
27. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес жүзеге асырылады.
Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылғы 23 мамырда Нормативтік құқықтық келісімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №9468 болып енгізілді.
Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және
сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (Қаржы полициясы) бұйрығы
2013 жылғы 12 қазан №333 Астана қаласы
Қазақстан Республикасының қаржы полициясы органдары лауазымдарының санаттарына қойылатын бiлiктiлiк талаптарын бекіту туралы
(Жалғасы. Басы 20, 22, 24, 27, 32, 37, 63, 70, 71, 75, 76, 77, 79, 81, 82, 84, 86, 87, 89, 98, 101, 104-нөмірлерде).
Бюджеттік қаржыландыру саласындағы қылмыстар бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу бөлімінің бастығы
С-FPО-5 (№13-9)
Білімі мен мамандығының деңгейіне қойылатын талаптар Жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білімі «Құқық» (заңтану, халықаралық құқық, құқық қорғау қызметі) мамандығы бойынша болуы қажет.
Денсаулық жағдайына қойылатын талаптар Құқық қорғау органдарында қызмет өткеруге жарамдылығының тиісті санаты
Жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар Құқық қорғау қызметіндегі жұмыс өтілі кемінде бес жыл, оның ішінде тең деңгейдегі басшылық лауазымдарда немесе келесі төмен тұрған санаттағы лауазымдарда жұмыс өтілі кемінде бір жыл не мемлекеттік органдардағы жұмысы кемінде алты жыл, оның ішінде басшылық лауазымдарда кемінде екі жыл, не осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларындағы жұмыс өтілі кемінде сегіз жыл, оның ішінде басшылық лауазымдарда кемінде үш жыл.
Біліміне қойылатын талаптар Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан Республикасының Президенті туралы», «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы», «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңдарын, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Нормативтік құқықтық актілер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы», «ҚР қаржы полициясы органдары туралы», «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын, Қылмыстық және Қылмыстық іс жүргізу кодекстерін, осы санаттағы нақты лауазымның мамандығына сәйкес салаларындағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, «Қазақстан - 2050» Стратегиясы - қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Стратегиясын білуі. Мемлекеттік тілді білуі.
Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.
Функционалдық міндеттері Бөлім жұмысына тікелей басшылық жасайды және жұмысын ұйымдастыруды қамтамасыз етеді.
Өзара алмасуларын есепке ала отырып, бөлім қызметкерлерінің арасында олардың міндеттерін және келіп түскен материалдарды бөледі.
Бөлім қызметкерлерінің өздеріне жүктелген міндеттерді орындауын; олардың Департамент пен Агенттік басшылығының тапсырмаларын сапалы және уақтылы орындауын; Агенттіктің Стратегиялық және Операциялық жоспарының орындалуын; бөлімнің және Департаменттің басқа да бөлімшелерінің Агенттіктің алқа, аппарат және жедел мәжілістеріне, сондай-ақ, Департаментте жүргізілетін басқа да іс-шараларға материалдарды дайындауын; Департамент бастығына және жоғары тұрған мемлекеттік органдарға қызметтік құжаттарды және Департамент бастығының баяндамалары мен сөз сөйлеулерін дайындауды қамтамасыз етеді және бақылауды жүзеге асырады.
Бюджеттік қаржыландыру саласындағы қылмыстар бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу бөлімінің аға тергеушісі
С-FPО-8 (№13-10)
Білімі мен мамандығының деңгейіне қойылатын талаптар Жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білімі «Құқық» (заңтану, құқық қорғау қызметі) мамандығы бойынша болуы қажет.
Денсаулық жағдайына қойылатын талаптар Құқық қорғау органдарында қызмет өткеруге жарамдылығының тиісті санаты
Жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар Құқық қорғау қызметіндегі жұмыс өтілі кемінде екі жыл, не мемлекеттік органдардағы жұмысы кемінде үш жыл, не осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларындағы жұмыс өтілі кемінде бес жыл.
Біліміне қойылатын талаптар Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан Республикасының Президенті туралы», «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы», «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңдарын, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Нормативтік құқықтық актілер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы», «ҚР қаржы полициясы органдары туралы», «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын, Қылмыстық және Қылмыстық іс жүргізу кодекстерін, осы санаттағы нақты лауазымның мамандығына сәйкес салаларындағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, «Қазақстан - 2050» Стратегиясы - қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Стратегиясын білуі. Мемлекеттік тілді білуі.
Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.
Функционалдық міндеттері Өз құзыреті шегінде Департамент басшылығының тапсырмаларын сапалы және уақтылы орындайды.
Қаржы полициясы органдарының тергелуіне жататын қылмыстық істерді тергейді.
Департамент пен Агенттік басшылығының немесе оларды алмастыратын адамдардың тапсырмалары бойынша қылмыстық істерді өз өндірісіне қабылдайды және алдын ала тергеу жүргізеді, сондай-ақ, заңмен белгіленген тәртіпте тергеуге дейінгі тексеріс жүргізеді немесе жедел қызметкерлермен бірлесе отырып, тексерістер жүргізуге қатысады.
Қылмыстық процеске қатысушы азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғайды, оларды іске асыру үшін жағдайлар жасайды, процеске қатысушылардың заңды талаптарын қанағаттандыруға уақтылы шаралар қабылдайды.
Істің жайын жан-жақты, толық және объективтік зерттеу үшін барлық шараларды қолданады, қылмыс жасағанын көрсететін жеткілікті дәлелдемелер жиналған адамды заңмен белгіленген тәртіпте қылмыстық қудалауды жүзеге асырады.
Өндірісіндегі қылмыстық істер мен тергеуге дейінгі тексеріс материалдары бойынша тергеу (тексеру) жоспарларын құрастырады, көзделген тергеу-жедел іс-шараларын уақтылы орындауды қамтамасыз етеді.
Басқарма бастығына және Департамент бастығының жетекшілік ететін орынбасарына істердің тергелу барысы және тергеуге дейінгі тексерістер туралы баяндайды.
Қылмыстық істер және тергеуге дейінгі тексеріс материалдары бойынша процессуалдық мерзімдерді, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау мерзімдерін сақтайды.
Тергеліп жатқан қылмыстық істерге не тергеуге дейінгі тексеріс материалдарына жатқызылатын жедел-іздестіру материалдарымен танысады. Өндірісіндегі қылмыстық істер мен тергеуге дейінгі тексеріс материалдары бойынша жедел
сүйемелдеуді жүзеге асыратын жедел жұмыскерлердің қызметін үйлестіреді, қажет болған жағдайда олар бойынша тиісті жазбаша тапсырмалар мен нұсқаулар береді, олардың орындалуын бақылайды.
Департамент пен Агенттік басшылығының, не оларды алмастыратын адамдардың нұсқауларының, прокурорлардың әрекет ету актілерінің, тергеліп жатқан қылмыстық істер бойынша соттың қаулылары мен шешімдерінің орындалуын қамтамасыз етеді.
Қылмыспен келтірілген зиянның өтелуін қамтамасыз ету, заңды тұлғалардың, қоғамның, мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерін, азаматтардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіру бойынша заңмен көзделген шараларды қабылдайды.
Қылмыс жасауға ықпал ететін жағдайларды және басқа да заң бұзушылықтарды болдырмау бойынша ұсыныстар енгізеді, сондай-ақ өзге де профилактикалық шаралар қабылдайды.
Қызметтік құпиялардың сақталуы мен іс қағаздарының жүргізілуі, оның ішінде мемлекеттік құпиялармен және қызмет бабында пайдаланылатын құжаттармен байланысты іс қағаздарының жүргізілуі бойынша Агенттіктің актілерімен және заңдармен белгіленген талаптарын сақтайды.
Өндірісіндегі қылмыстық істердің, тергеуге дейінгі тексеріс материалдарының, қылмыстық іс кезіндегі, қаралып жатқан өтініштердегі сақталатын заттай дәлелдемелердің және өзге де қызметтік құжаттардың сақталуын қамтамасыз етеді.
Ұсталған және қамауға алынған адамдарды айдауылдаудың белгіленген тәртібін аудауылдың тергеу әрекеттерін жүргізу үшін тергеушіге тапсырған сәтінен бастап тергеу әрекеттері аяқталғанға дейін сақтайды.
Тергеліп жатқан қылмыстық істер бойынша (онда негізгі процессуалдық шешімдердің қаулылардың көшірмелері, прокурорлық қадағалау актілерінің көшірмелері, тергеліп жатқан қылмыстық істермен байланысты өтініштердің және оларға берілген жауаптардың көшірмелері, тергеу барысы туралы анықтамалар болуы тиіс) бақылау ісін жүргізеді.
Еңбек, орындаушылық және қызметтік тәртіпті сақтайды.
Заңмен көзделген өзге де талаптарды, сондай-ақ Департамент пен Агенттік басшылығының, не оларды алмастыратын адамдардың тапсырмаларын орындайды.
Бюджеттік қаржыландыру саласындағы қылмыстар бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу бөлімінің аға инспекторы
С-FPО-8 (№13-11, №13-12)
Білімі мен мамандығының деңгейіне қойылатын талаптар Жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білімі «Құқық» (заңтану, құқық қорғау қызметі) не «Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес» (экономика, қаржы, есеп және аудит) мамандығы бойынша болуы тиіс.
Денсаулық жағдайына қойылатын талаптар Құқық қорғау органдарында қызмет өткеруге жарамдылығының тиісті санаты
Жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар Құқық қорғау қызметіндегі жұмыс өтілі кемінде бір жыл
не мемлекеттік органдардағы жұмысы кемінде екі жыл, не осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларындағы жұмыс өтілі кемінде бес жыл
Біліміне қойылатын талаптар Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан Республикасының Президенті туралы», «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы», «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңдарын, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Нормативтік құқықтық актілер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы», «ҚР қаржы полициясы органдары туралы», «Құқық қорғау қызметі туралы», «Жедел-іздестіру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын, Қылмыстық және Қылмыстық іс жүргізу кодекстерін, осы санаттағы нақты лауазымның мамандығына сәйкес салаларындағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, «Қазақстан - 2050» Стратегиясы - қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Стратегиясын білуі. Мемлекеттік тілді білуі.
Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.
Функционалдық міндеттері Бюджеттік қаржыландыру саласындағы экономикалық қылмыстардың алдын алу, анықтау, жолын кесу және ашу бойынша жедел-іздестіру қызметін жүргізеді.
Қызмет көрсету саласы бойынша бұзушылықтар мен қылмыстар туралы ақпараттарды жинайды, топтайды, талдайды және іске асырады. Қызмет көрсетілетін сала бойынша жедел жағдайдың жай-күйі туралы есептерді, анықтамаларды және шолуларды жасайды.
Жасалған және жасалатын бюджеттік қаржыландыру саласындағы экономикалық қылмыстар туралы шағымдарды, арыздарды және хабарламаларды тексереді.
Өзінің жұмыс бағыты бойынша бөлімнің және Департаменттің басқа бөлімшелерінің қызметкерлерін тарта отырып, жедел-іздестіру шараларын жүргізу бойынша ұсыныстар енгізеді.
Қылмыстық істерді тергеуге қатысады, істерді соттарға жолдауға және қарауға дейін жедел сүйемелдеуді қамтамасыз етеді.
Азаматтардың конституциялық құқықтарын сақтауды қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдайды.
Ішкі еңбек тәртібінің қағидаларын сақтайды.
Бөлімнің, Басқарманың, Департамент пен Агенттіктің басшылығымен оған жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Сыбайлас жемқорлық және лауазымдық қылмыстар бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу басқармасы
Сыбайлас жемқорлық және лауазымдық қылмыстар бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу басқармасының бастығы
С-FPО-3 (№14 - 1)
Білімі мен мамандығының деңгейіне қойылатын талаптар Жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білімі «Құқық» (заңтану, құқық қорғау қызметі) мамандығы бойынша болуы тиіс.
Денсаулық жағдайына қойылатын талаптар Құқық қорғау органдарында қызмет өткеруге жарамдылығының тиісті санаты
Жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар Құқық қорғау қызметіндегі жұмыс өтілі кемінде алты жыл, оның ішінде басшылық лауазымдарда жұмыс өтілі кемінде екі жыл, не мемлекеттік органдардағы жұмысы кемінде сегіз жыл, оның ішінде басшылық лауазымдарда кемінде төрт жыл, не осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларындағы жұмыс өтілі кемінде он жыл,оның ішінде басшылық лауазымдарда кемінде бес жыл.
Біліміне қойылатын талаптар Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан Республикасының Президенті туралы», «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы», «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңдарын, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Нормативтік құқықтық актілер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы», «ҚР қаржы полициясы органдары туралы», «Құқық қорғау қызметі туралы», «Жедел-іздестіру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын, «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы», Қылмыстық және Қылмыстық іс жүргізу кодекстерін, осы санаттағы нақты лауазымның мамандығына сәйкес салаларындағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, «Қазақстан - 2050» Стратегиясы - қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Стратегиясын білуі. Мемлекеттік тілді білуі.
Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.
Функционалдық міндеттері Өз құзыреті шегінде мыналарды:
Басқарма жұмысын ұйымдастыруды;
Басқарма қызметінің келешектегі және ағымдық жоспарлануын, олардың уақтылы және сапалы орындалуын;
Басқарма қызметкерлерінің өздеріне жүктелген міндеттерді орындауын, Департамент пен Агенттік басшылығының оларға жүктеген тапрсырмаларының сапалы және уақтылы орындалуы