Әлем • 25 Қараша, 2022

Бразилияда қала әкімін жұмыс орнында атып кетті

158 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бразилиядағы Лажеадо-ду-Бугре қаласының мэрі Роберта Макиэль душ Сантусты жұмыс орнында атып кетті, деп хабарлайды Egemen.kz G1-ге сілтеме жасап.

Бразилияда қала әкімін жұмыс орнында атып кетті

Порталдың хабарлауынша, белгісіз ер адам әкімдікке басып кіріп, оны жұмыс орнында атып кеткен. Қылмыскер қала әкімшілігінің тағы бір қызметкерін де жаралап, кейін ол Палмейра-дас-Миссоес ауруханасына жеткізілген. Құқық қорғау органдары қазіргі уақытта оның оқ жарақатымен ауруханада жатқанын атап өтті.

«Таңертең бетперде киген адам Лажеадо-ду-Бугре қаласы мэрінің кеңсесіне баса-көктеп кірді. Ол екі адамды атып, көлікке отырып қашып кетті. Роберто Макиэль оқиға орнында көз жұмды», деп хабарлады жергілікті полиция.