Әлем • 25 Қараша, 2022

Қытайда коронавирустың 33 мыңға жуық жаңа жағдайы тіркелді

260 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қытайда өткен тәулікте COVID-19 инфекциясының 32 943 жаңа жағдайы анықталды. Бұл туралы жергілікті денсаулық сақтау комитеті мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz

Қытайда коронавирустың 33 мыңға жуық жаңа жағдайы тіркелді

Соңғы күндері Гуандун, Хэбэй провинцияларында, сондай-ақ орталық Чунцин мен Бейжің қалаларында жұқпалы аурулардың айтарлықтай өсуі байқалды.

Қытай астанасының билігі тұрғындардан күрделі эпидемиологиялық жағдайға байланысты аса қажеттілік болмаса, үйлерінен шықпауды сұрайды. Бейжіңде қараша айының басынан бері 10 мыңнан астам коронавирус жұқтырғандар анықталды.

Қараша айынан бастап Қытайдың барлық дерлік аймақтарында коронавирустың таралуының үдеуі мен ұлғаюы тіркелді.