Аймақтар • 25 Қараша, 2022

Арыс қаласының тұрғындары алғаш рет газға қосылды

577 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркістан облысы Арыс қаласының 78 мыңнан астам тұрғыны табиғи газбен қамтамасыз етілді, деп хабарлайды Egemen.kz.  

Арыс қаласының тұрғындары алғаш рет газға қосылды

«Күн суып бастаған еді, газ келгелі үйімізге жылулық кірді. Қаланың адамымыз, бірақ жер үйде тұрамыз. Отын тасып, пеш жағып, күл шығарып әбден қиналатын едік. Енді үйіміз тап-таза, өзіміз шаршамайтын болдық. Әлі де сенбей тұрмын», дейді Арыс қаласының тұрғыны.

Арысқа газ жүргізу үшін «Темірлан» автоматтандырылған газ тарату станциясынан 43 км және 107 км квартал ішінде газ құбыры тартылды. Арыс қаласы газбен толықтай қамтылғаннан кейін, көгілдір отын ауданға жақын елді-мекендерге де тартылады.

«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Түркістан өндірістік филиалының директоры Нұржан Түймебаевтың айтуынша, осы жылда филиал 22 елді-мекенге газ жүргізіп бастаған. Тағы бірнеше өңірді газбен қамту жоспарда.

Айта кетейік, бүгінде оңтүстік өңір табиғи газды ең көп тұтынады.

Бұған дейін, ұлттық компанияның басқарма төрағасы Санжар Жаркешов Президенттің тапсырмасы бойынша жасалған газ саласын дамытудың Кешенді жоспарына сәйкес, QazaqGaz 2030 жылға еліміздің газдандыру көрсеткішін 65 пайызға жеткізуді көздеп отырғанын айтқан болатын.