Футбол • 25 Қараша, 2022

Қатар құрамасы өз тарихындағы алғашқы голды соқты

230 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Катар құрамасының футболшылары Сенегал құрамасының қақпасына гол соқты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қатар құрамасы өз тарихындағы алғашқы голды соқты

Ойынның 78-минутында Қатар құрамасының ойыншысы Мунтари қақпаға гол соқты. Қатар құрамасы әлем чемпионатына алғаш рет қатысып отырғандықтан, бұл гол құраманың әлем чемпионатындағы тарихи голы болды.

Еске салайық, 20 қарашада әлем чемпионатының ашылу матчында қатарлықтар Эквадор құрамасынан 0:2 есебімен жеңілген, сондай-ақ бүгін 3:1 есебімен қарсыластарына тағы да есе жіберді.