Президент • 26 Қараша, 2022

Саяси науқаншылыққа жол бермеуіміз қажет - Мемлекет басшысы

200 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Президент ұлықтау рәсімінде әділетті мемлекет болу үшін өткенге әділдікпен қарап, одан тағылым алу керегін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Саяси науқаншылыққа жол бермеуіміз қажет - Мемлекет басшысы

«Ұлттың бостандық жолындағы табанды күресінің арқасында Қазақ елі Тәуелсіздігін алды. Егемен мемлекеттің құрылуына, оның іргесін бекіту жолында орасан зор еңбек сіңірген тарихи тұлғаларымызға әділ баға беруіміз керек. Табыстарды және олқылықтарды ажырататын бұл – уақыт және тарих. Уақыт – ең әділ қазы, ал тарих – бәріне таразы. Сондықтан саяси науқаншылыққа жол бермеуіміз қажет», деді Қ.Тоқаев.

Сондай-ақ ол болашақта әділетті мемлекет болу үшін өткенге әділдікпен қарап, одан тағылым алуды алға тартты.

«Жақсыдан үйреніп, жаманнан жирену – өсетін елдің белгісі. Керісінше, отаншылдық, еңбекқорлық, білімпаздық, жаңашылдық, жасампаздық, жанашырлық, мейірімділік сияқты асыл қасиеттерді бойға сіңіруіміз қажет. Мен бұл туралы жиі айтып жүрмін», деді Мемлекет басшысы.