«Суыт хабар жетті. Мархабат Байғұт ағамыздың сағаты соғыпты. Бақұл болыңыз, Мархабат аға! Қазақтың аяулы жазушысы Мархабат Байғұт ағамызбен қоштасу ертең, 27 қараша сағат 14:00-де Жұмат Шанин атындағы Қазақ драма театрында өтеді. Жаназа намазы сағат 15:00-де Байғұт Баба мешітінде оқылады. Түлкібас ауданы Түркібасы әулие етегіндегі Азаттық ауылының мазарына қойылады», деп жазды Шыңғыс Мұқан.
Мархабат Байғұт 1945 жылы 25 мамырда Түркістан облысы Түлкібас ауданында дүниеге келген. Ұзақ жылдар бойы аудандық, облыстық басылымдарда, облыстық партия комитетінде жауапты қызметтер атқарған.
Оның «Шілде», «Нәуірзек», «Қорғансыз жүрек», «Серт пен сенім» және тағы да басқа кітаптары жарық көрген. Шығармалары орыс, украин, өзбек, түрік, қарақалпақ, саха тілдеріне аударылған.