Теннис • 28 Қараша, 2022

Кукушкин күшіне енді

143 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бірер жыл бұрын ғана теннистен Қазақстанның бірінші ракеткасы атанып жүрген Михаил Кукушкин соңғы уақытта қарқынын жоғалтып алған-ды. Өзі қатысқан турнирлердің басым бөлігін сәтсіз аяқтап, нәтижесінде әлемдік рейтингте 250-орынға дейін түсіп қалған еді.

Кукушкин күшіне енді

 

Кукушкин күні кеше Ита­лиядағы Ан­дрия турнирінің финалында күш сынасу мүмкіндігіне ие болды. Дүниежүзілік рейтингте 223-орында тұрған жерлесіміз жартылай финалда әлемнің 98-ші, осы жарыстың 1-ракеткасы мажарстандық Мартон Фучовичпен шеберлік байқасты. Екі сетке жалғасқан матч­та М.Кукушкин қарсыласын 6:4, 6:4 есебімен тізе бүктірді.

Небәрі бір сағат 18 минутта мәресіне жеткен матчта Кукушкин эйс жасамағанымен, 11 брейк-пойнттың төртеуін пайдаланды. М.Фучович 2 эйс, 2 брейкпен көзге түсті. Кукушкин финалда әлемнің 197-ракеткасы швейцариялық Леонардо Рейдимен бас жүлдені сарапқа салады. Қазақстандық теннисші жекелей сында 14 рет челленджер жарысының жеңімпазы атанған. Соңғы рет Михаил 2018 жылы Ирвингтегі (АҚШ) додада үздік шыққан болатын.