Техникалық құралдар мен оңалту қызметтерін нашар жеткізушілерді Әлеуметтік қызметтер порталынан шығару қажет. Мұндай міндетті жергілікті атқарушы органдардың алдына Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова биылғы 10 айдағы әлеуметтік-еңбек саласындағы жұмыс қорытындылары жөніндегі кеңес барысында қойды. Әкімдіктер оны 2023 жылға дейін шешуі керек.

Министр мүгедектігі бар адамдардың өмір сүру сапасын арттыру мәселелеріне ерекше назар аударды. Жыл басынан бері ведомство Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің аумақтық департаменттері мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау саласында және арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласында 967 тексеру жүргізді, оның қорытындысы бойынша 4 143 бұзушылық анықталды.
«Бұл бұзушылықтардың көпшілігі бейімделген объектілерді бақылаудан кейінгі тексеру нәтижесінде анықталды. Жергілікті атқарушы органдар бір нәрсені мәлімдейді, ал іс жүзінде басқа болып шығады. Сіздер бұл мәселеге нақты көзқараспен қарауларыңыз керек. Мысалы, егер мектепте ерекше қажеттіліктері бар оқушы болмаса, қазір бейімдеудің қажеті жоқ. Сіздер мүгедектігі бар адамдар үнемі баратын объектілердің, яғни емханалардың, дәріханалардың, ХҚО-лардың және басқа да мекемелердің толық бейімделуін қамтамасыз етулеріңіз керек. Сондықтан жоспарларыңызды қайта қарап, қажет болған жағдайда объектілерді бейімдеуді қамтамасыз етулеріңіз керек», деді Т.Дүйсенова.
Ведомство басшысы 2023 жылдан бастап екі қанатқақты жобаны іске асыруды ұсынды. Біріншісі, әрбір өңірде мүгедектігі бар адамдардың тұруына тікелей жақын жерде арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету үшін сыйымдылығы аз бір үй ашу. Екіншіден, әрбір өңірде мүгедектігі бар балаларға арналған қымбат тұратын оңалтудың техникалық құралдарын (ОТҚ) беру жөніндегі орталық «ОТҚ паркі» құрылсын. ОТҚ сатып алу «Қазақстан халқына» қорының қолдауымен болады деп жобалануда.
Министр сондай-ақ Әлеуметтік қызметтер порталының жұмысын жетілдіру міндетін қойды.
«Мен жұмыс сапарымен Қазақстанның түрлі өңірлерінде болдым. Барлық жерде мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы көрсетілетін оңалту қызметтері және ОТҚ-ның сапасына қатысты мәселені көтереді. Жергілікті атқарушы органдар жыл соңына дейін азаматтардың барлық шағымдарын талдап, биыл сапасыз тауарлар мен қызметтерді ұсынғандарды келесі жылы порталдан шығару үшін бізге тиісті хаттар жіберуі керек. Ашығын айтқанда, нашар жеткізушілер порталда болмауға тиіс», деп атап өтті Т.Дүйсенова.
Өнер • Бүгін, 08:35
Үкімет • Бүгін, 00:01
Ел болашағына арналған бағдарлама
Қоғам • Кеше
Зейнетақы қоры ірі жобаларды инвестициялайды
Экономика • Кеше
1 700 жолаушының өтелген шығыны
Экономика • Кеше
Ауылды намысшыл ағайын көтереді
Пікір • Кеше
Ауыл • Кеше
Көші-қонның жаңа тәртібі күшіне енді
Қазақстан • Кеше
Дохада қазақ шығыстанушысы марапатталды
Үміт • Кеше
Қоғам • Кеше
Аймақтар • Кеше
Білім • Кеше
Қоғам • Кеше
Күйзелгенге көмектесетін 3580 call-орталығы
Медицина • Кеше
Күйік шалғандар лайықты ем алды
Аймақтар • Кеше
Сәбиге жасалған күрделі операция
Медицина • Кеше
Қоғам • Кеше
Руханият • Кеше
Кино • Кеше
Білім бағдарламасының озығы қайсы?
Білім • Кеше
Әлеуметтік кесел әл бермей тұр
Аймақтар • Кеше
Ең қысқа әңгіме • Кеше
Қоғам • Кеше
Әдебиет • Кеше
Әдебиет • Кеше
Тарих • Кеше
Елеусіновтің екпінін кім басты?
Бокс • Кеше
Спорт • Кеше
Конгресс кітапханасында сақталған
Тарих • Кеше
Қоғам • Кеше
Астана кешінде – «VIVA MUSICA!»
Өнер • Кеше
Елена Рыбакина Australian Open турнирінде рекорд орнатты
Теннис • Кеше
Экология және табиғи ресурстар вице-министрі тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Алматыда ЖЭО-2-ні газға ауыстыру жобасы талқыланды
Аймақтар • Кеше
Маңғыстауда көлікте ұйықтап қалған азамат қайтыс болды
Аймақтар • Кеше
БҰҰ өңірлік орталығының басшысы Қазақстанға келеді
Саясат • Кеше
Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Ұқсас жаңалықтар