Теннис • 28 Қараша, 2022

Қазақстандық теннисші Италияда жеңіліп қалды

125 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ATP рейтингінде 223-ші орында тұрған қазақстандық теннисші Михаил Кукушкин Андрияда өткен турнирде жеңіске жете алмады, деп хабарлайды Egemen.kz Sports.kz-ке сілтеме жасап.

Қазақстандық теннисші Италияда жеңіліп қалды

Финалда ол швейцариялық Леандро Ридимен кездесіп, екі сетте 6:7, 3:6 есебімен жеңілді. Осылайша, Кукушкин титулды жеңіп ала алмады, бірақ финалға қатысқаны үшін 3 650 еуро алып, 50 рейтингтік ұпай жинады.

Еске сала кетсек, турнир барысында Михаил чех теннисшісі Давид Полякты 6:4, 6:4, бельгиялық Майкл Гирцті 6:1, 6:3, австриялық Юрий Родионовты 6:0, 7:5 және Венгрия өкілі Мартон Фучовичті 6:4, 6:4 есебімен жеңген еді.