Қазақстан • 28 Қараша, 2022

Қазақстандағы 37 ЖЭО-ның 10-ы ғана мемлекет меншігінде

484 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елімізде 37 жылу электр орталығы бар, оның 10-ы ғана мемлекет меншігіне тиесілі, деп жазады Egemen.kz. Мұндай деректі ҚР Энергетика министрлігі жариялады.

Қазақстандағы 37 ЖЭО-ның 10-ы ғана мемлекет меншігінде

Ведомство тізіміндегі 37 жылу электр орталығының 10-ы мемлекет меншігіне тиесілі.

Ал бесеуіне квазимемлекеттік сектор иелік етіп отыр. Қалған 22 жылу электр орталығы - жекеменшік.

Мемлекеттік ЖЭО-лар Астана, Шахтинск, Арқалық, Тараз, Семей, Қостанай, Орал, Кентау, Қызылорда қалаларында, квазимемлекеттік сектор иелігіндегі ЖЭО-ның үшеуі Алматыда, ал екеуі Ақтауда орналасқан.

Қалған өңірлердегі орталықтар - жекеменшіктің қолында.

Айта кетерлігі, еліміздегі жыл электр орталықтарының орташа жұмыс істеген жылы - 61.

ЖЭО-лардың 76 пайызға жуығы 50 жылдан астам уақыт бойы халыққа қызмпет көрсетіп келеді.

ЖЭО-ның негізгі жабдықтарының орташа тозуы – 66 пайыз.

37 жылу электр орталығының жалпы электр қуаты - 6 517 МВт, ал жылу қуаты - 20 135 Гкал/сағат.

Аталған орталықтарда 190 бу қазандығы, 41 су жылыту қазандығы, 132 бу турбинасы және 5 газ турбинасы жұмыс істейді.