Өткен аптада Түркі елінің астанасы Алтай ұранын береке-бірліктің нышанындай қайта жаңғыртты. Аруақ риза боларлық рухани іс-шара атқарды.

2022 жылы 26 қарашада Түркияның Ыстанбұл қаласы Бағжылар ауданында «Қазақ-түрік бауырластығы» ескерткішінің ашылу салтанаты өтті. Алтайдан Анадолыға қоныс аударған қазақ қауымының Түркия топырағын басқанына 70 жыл толуы құрметіне бой көтерген бұл тарихи белгі енді екі ел арасындағы мызғымас туыстық, ұлысаралық қарым-қатынастың рәмізіне айналмақ.
Іс-шарада Қазақстанның Түркиядағы Төтенше және өкілетті елшісі Еркебұлан Сәпиев, Бағжылар ауданының мэрі Абдулла Өздемір, «Отандастар қорының» президенті Абзал Сапарбекұлы, ҚР Парламенті Сенатының депутаты, Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі Мұрат Бақтиярұлы, Шетелдегі түркілер және туысқан қауымдар басқармасының төрағасы Абуллах Ерен Қазақстан-Түркия байланысының терең тамырына және бүгінгі жетістігіне, сондай-ақ асқар Гималайды асып, талай қиындық көрсе де азаттық рухын жоғалтпаған қазақ ұлтының айрықша батылдығына тоқталып, бұрынғы және қазіргі түркі бауырластығының ерекше қуатын, мүмкіндігін тілге тиек етті.
Бұдан кейін «Бірлік» қазақ жастары ұйымының төрағасы Аслан Серік бастаған өнерпаз өрендердің қара домбырамен «Қазақ осы» әнін әуелеткені де мәдени шараға сән беріп тұрды.
Ескерткіш-белгі авторы - Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Көркемсурет академиясының бірінші-вице президенті, белгілі суретші, режиссер, тележурналист Жанұзақ Мүсәпір туындының мән-мағынасын баяндады.
Ескерткіш ашылғаннан кейін жиналған жұртшылық «Ұлы көш» атты фотосуреттер мен Қазақстан жоғары оқу орындарының білім көрмесін тамашалап, естелік суретке түсті.
Мұнан кейін тарихи шаһардың Бағжылар мэриясының ғимаратында Алтай көшінің 70 жылдығына арналған ғылыми конференция өтті. Тағылымды жиында диаспоратану саласының белгілі маманы, Қ.Сәтбаев атындағы ұлттық техникалық университетінің профессоры Гүлнара Меңдіқұлова – «Еуропа деректеріндегі қазақтардың көші-қоны», Мимар Синан университетінің профессоры, қаралы көшті басынан кешіргендердің ұрпағы Әбдіуақап Қара – «Анадолыдағы қазақ мәдениетінің сабақтастығы: Түркияға қоныс аударудың 70 жылдығы», «Егемен Қазақстан» газетінің бас директоры, ҚР ҰҒА академигі Дихан Қамзабекұлы – «Әділетті Қазақстан және Алаш тағылымы», аталған көш туралы роман жазған жазушы Жәди Шәкенұлы – «Қазақтың тәуелсіздік үшін күресі және көші-қон тарихы», Түркиядағы диаспора қайраткерлерінің жалғасы, асылдың сынығы, профессор Мерием Хакім – «ХХ ғасырдағы әлем конъюнктурасындағы Шығыс Түркістан қазақтары», қазақ-түрік байланыстарының жас маманы, доцент Ышыл Туна – «Түркия Республикасының 1952 жылғы шешімімен қазақ түркілерінің Түрік жеріне қоныстануы» атты баяндама жасады.
Ғылыми форумнан соң «Отандастар қоры» мен «Қазақстан» РТРК бірігіп түсірген «Алтайдан Анадолыға: азаттық аңсаған қазақ көші» атты деректі фильмнің тұңғыш көрсетілімі өтті (Идея авторы – А.Сапарбекұлы, кеңесші – Ж.Шәкенұлы, сценарий авторы – А.Ырыстанбек, режиссері – Қ.Кешубай). Туындыда бүлдіршін шағында осы көштің ішінде болған қауымның бүгін тоқсанның төріндегі бәйтеректері бастан кешкенін әңгімелегенде, көзіне жас алмаған адам қалмады. Алтайдан шыққан 18 мың жаннан Түркия жеріне жеткенде 1 мың 800-дейі яғни 10-ақ пайызы қалғаны – көштің қаншалық тар жол, тайғақ кешуден өткенін айғақтайды. Сонымен бірге бұл көштің ұрпаққа айтар тағылымы да аз емес. Ол – қазақ ұлтының адам төзгісіз сынаққа мойымағандығы. Намысты, ақылды, қаһармандықты жанына жалау еткендігі.
Фильмде Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Анкараға ресми іссапары кезінде Түркияның 50-жылдардың басындағы басшысы – премьер-министр Аднан Мендерестің рухына тағзым ете отырып, түрік халқына айтқан алғысы да көрініс тапқан. Сондай-ақ әлемнің түкпір-түкпірінде жемісті қызмет етіп жатқан диаспора өкілдерінің бүгінгі ұрпағы да қиын жылдарда туысқан Түркия мемлекетінің алыстан арып-ашып келген жандарға көмек қолын созғанын тебірене еске алады... Елісханның ерлігі, Ғұсманның кісілік ғұмыры баяндалғанда, көрерменнің қаһармандық туралы танымы кеңейеді.
Бұл «мың өліп, мың тірілген» ұлтымыздың әрқашан даналықты, бауырластық пен имандылықты қастерлегенін көрсетсе керек.
Жиын соңында А.Сапарбекұлы Қазақстан-Түркия мәдени байланысына еңбек сіңірген бір топ қайраткер мен диаспора өкілін «Отандастар қорының» «Алғыс» медалімен марапаттады.
Ақмолада қосалқы электр станциясын салу кезінде 1,3 млрд теңге ұрланды
Қаржы • Бүгін, 12:05
Оқиға • Бүгін, 11:51
Президент Қазақстандағы Түркия елшілігіне барды
Президент • Бүгін, 11:44
Қазақстан және араб елдері арасындағы ынтымақтастық талқыланды
Саясат • Бүгін, 11:33
Ақын Дәулеткерей Кәпұлы «Ауыл» партиясы атынан сайлауға қатысады
Сайлау • Бүгін, 11:22
Астанада ұлттық пікірсайыс турнирі өтеді
Қазақстан • Бүгін, 11:15
Оралда жанармай талонмен беріліп жатыр
Қоғам • Бүгін, 11:08
Жигули Дайрабаев пен Қарақат Әбден Мәжіліс сайлауына қатысады
Сайлау • Бүгін, 10:58
Алматы облысында жол апатынан бір адам қайтыс болды
Оқиға • Бүгін, 10:50
Палестинада 4,8 балдық жер сілкінісі болды
Әлем • Бүгін, 10:45
Димаш Құдайберген Түркияға қаржылай қолдау көрсетеді
Қоғам • Бүгін, 10:32
Павлодарда түрмеге есірткі кіргізбек болған әйел ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 10:23
Түркияға Қазақстанның тағы бір құтқарушылар жасағы аттанады
Оқиға • Бүгін, 10:12
Әлем • Бүгін, 10:03
Мейірім Нұрсұлтанов жапон боксшысымен жұдырықтасады
Кәсіпқой бокс • Бүгін, 09:55
Австралия ұлттық паркіне Boeing ұшағы құлады
Әлем • Бүгін, 09:43
Түркияда зілзаладан қаза тапқандар саны 5800-ден асты
Әлем • Бүгін, 09:35
Екібастұзда уақытша жылу өшіріледі
Аймақтар • Бүгін, 09:27
Өткен тәулікте 91 адамнан коронавирус анықталды
Коронавирус • Бүгін, 09:20
8 ақпанға арналған валюта бағамы
Қаржы • Бүгін, 09:12
Президент Түркияға көмек ретінде 1 млн доллар бөлуді тапсырды
Президент • Бүгін, 09:07
Сайлау • Бүгін, 08:58
Жаңа медиа және ғалам экономикасы
Қоғам • Бүгін, 08:55
Егіске несие беру жалғасып жатыр
Несие • Бүгін, 08:50
Қазақстан • Бүгін, 08:45
Инвестиция • Бүгін, 08:40
«Қара пима» көрерменге ой салды
Театр • Бүгін, 08:35
Марапат • Бүгін, 08:35
«Grand Slam» жарыстары елімізде өтеді
Спорт • Бүгін, 08:30
Қазақстан • Бүгін, 08:25
Әлем • Бүгін, 00:28
Азық-түлік бағасын тұрақтандыру шаралары
Үкімет • Бүгін, 00:26
«Ерекше театрдың» елордадағы премьерасы
Театр • Бүгін, 00:24
Пікір • Бүгін, 00:21
Әлеуметтік кодекс жобасы таныстырылды
Сенат • Бүгін, 00:19
Экономика • Бүгін, 00:14
Экономиканы рецессия күтіп тұр ма?
Экономика • Бүгін, 00:07
Аймақтар • Бүгін, 00:05
«ҚазМұнайГаз» жобасы оқушылардың танымын кеңейтеді
Қоғам • Бүгін, 00:02
Пікір • Кеше
Ұқсас жаңалықтар