Теннис • 29 Қараша, 2022

Чилимен шеберлік байқасады

189 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Теннистен Қазақстанның ерлер құ­рама­сы 2023 жылғы Дэвис кубо­гінің іріктеу ке­­­зе­­ңінде Чили теннис­шілерімен ойнайды.

Чилимен шеберлік байқасады

Командалық әлем чемпионатының финалына шығу үшін жерлестеріміз әлемдік рейтингте 21-орында тұрған Чили құрамасымен кездеседі. Матч 4-5 ақпан күндері Чилиде өтеді деп жоспарланған. Дэвис кубогінің іріктеу матчтары төрт жекелей және бір жұптық кездесуден тұрады. Әр матчта үздік шыққан 12 команда турнирдің финалдық кезеңіне жолдама алады. Оларға 2022 жылғы Дэвис кубогінің финалистері, сондай-ақ арнайы шақырту (wild card) алған Италия мен Испания қосылады. Биылғы Дэвис кубогінде Канада құрамасы жеңімпаз атанды. «Үйеңкі жапырақтар елінің» өкілдері финалда Аустралиядан басым түсті.

Сондай-ақ Италиядағы челленджер тур­ни­рінің финалында өнер көрсеткен қазақстандық Михаил Кукушкин бас жүл­дені иелене алмады. Жерлесіміз финалда әлемнің 197-ракеткасы швей­цариялық Леандро Рейдльмен кортқа шы­ғып, екі сетте – 7:6, 6:3 есебімен жеңіліп қал­ды. Тартысты өрбіген бірінші партияда 20 жас­­т­ағы швейцариялық спортшы тай-брейкте әбжіл­дік танытты – 7:6 (7:4). Ол екінші сетте де 2:0 есе­бімен алға кетіп, сол басымдығын сақтап қалды – 6:3.