Елімізде автомобиль жолдарының эксплуатациялық сипаттамаларын арттыру мақсатында Superpave технологиясы пайдаланылатын болады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлім болды.

Коллажды жасаған Зәуреш СМАҒҰЛ «EQ»
Аталған технология туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Автомобиль жолдары комитетінің төрағасы Төлеген Абдуллин айтып берді. Ол жобалау кезінде әр аймақтың климаттық жағдайы мен температурасы әрі қозғалыс қарқындылығы ескерілетінін жеткізді. Жаңа технология өз кезегінде эксплуатациялық сипаттамаларды арттыруға мүмкіндік бермек.
«Қазір бізде тек 3 климаттық аймақ, битумның 2 маркасы ескеріледі. Ал Superpave технологиясында 10-15 климаттық аймақ қарастырылатын болады. Әрбір өңір үшін асфальтбетон қоспалары, битум, қиыршық тастың жекелеген құрамы құрылады», деді Т.Абдуллин.
Бұл жаңашылдық Мемлекет басшысының автожол саласын реформалау тапсырмасын орындау мақсатында енгізілмек. Сонымен бірге комитет өкілі автожол жобаларын EPCM келісімшарты қағидатына іске асыру және көшіру туралы айтып берді. Аталған келісімшарттың негізгі артықшылығы – оның құны техникалық-экономикалық негіздемеге және жоба-сметалық құжаттамаға байланбай, ірілендірілген бағалар бойынша айқындалады.
EPCM келісімшартының қағидаты бойынша бір орындаушы жобаның толық өмірлік циклін жүзеге асырады, яғни жобалау сатысынан бастап осы учаскені одан әрі 10 жыл бойы күтіп ұстайды. Бұл ретте орындаушы жобаны іске асырудың барлық тәуекелін, оның ішінде қымбаттау бойынша міндеттемелерді өз мойнына алады.
Бұдан бөлек автожол келісімшарттарына FIDIC халықаралық ережелерінің талаптарын енгізу мәселесі пысықталуда.
«Ақ жол» үміткерлерін анықтады
Қоғам • Кеше
Пікір • Кеше
Саясат • Кеше
Азық-түлік одақтары отандық өндірушілер бағдарламасын қолдай ма?
Экономика • Кеше
Қоғам • Кеше
Тариф және инвестиция: тығырықтан шығар жол
Сұхбат • Кеше
Төтенше жағдай • Кеше
Ұлыларды ұлықтау – ұрпаққа аманат
Халық • Кеше
Пікір • Кеше
Қарттар үйі: алуан түрлі тағдырлар
Халық • Кеше
Аймақтар • Кеше
Қоғам • Кеше
Өндірістік жарақат азаймай тұр
Еңбек • Кеше
56 мектеп лицензиясыз жұмыс істеген
Мектеп • Кеше
Директорларды ротациялау: Артықшылығы мен кемшілігі
Білім • Кеше
Қоғам • Кеше
Қылмыс • Кеше
Тарих • Кеше
«Қаныш» фильмі көрерменге жол тартты
Кино • Кеше
Театр • Кеше
Әдебиет • Кеше
Әдебиет • Кеше
Әдебиет • Кеше
Поэзия • Кеше
Аймақтар • Кеше
Экология • Кеше
Жеңіл атлетика • Кеше
Жәдігер • Кеше
Кәсіпқой бокс • Кеше
Спорт • Кеше
Бас жүлде Карякин мен Гириге бұйырды
Спорт • Кеше
Қазақстан Ресейдегі Сауда өкілдігін жабуы мүмкін
Қоғам • Кеше
Қоғам • Кеше
Шетелден әкелінген 9 мыңнан аса көлік заңдастырылды
Қазақстан • Кеше
Қазақстанда 14 ірі химиялық кәсіпорын іске қосылады
Қазақстан • Кеше
Астана мен Претория арасында әріптестік артады
Қазақстан • Кеше
Ұқсас жаңалықтар